Балалардың менингококті инфекциясы Анықтамасы Менингококк инфекциясы


Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер



бет2/5
Дата27.03.2023
өлшемі27,79 Kb.
#76594
1   2   3   4   5
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер (шұғыл жатқызу кезінде)
· қанның жалпы талдауы;
· несептің жалпы талдауы;
· қанның биохимиялық талдауы (креатинин, несепнәр, глюкоза, жалпы ақуыз және ақуызды фракциялар, электролиттер:калий, натрий, кальций, хлор, АЛТ, АСТ, билирубин);
· коагулограмма (ПУ-ПТИ-ХНҚ, ПУ, БІТУ, РФМК, фибриноген, ТВ, ұюы уақыты, қан кету уақыты);
· жұлын-ми пункциясы: ликвораны цитозға зерттеу, қанды, хлоридтерді, ақуызды анықтау;
· мұрын-жұтқыншақтан алынған жағындыны N. Meningitides-ке бактериологиялық зерттеу;
· ликворды бактериологиялық зерттеу;
· қанды бактериологиялық зерттеу;
· бактериоскопия үшін «жуан тамшыға» қан;
· ликвордың бактериоскопиясы.
Жедел шұғыл жәрдем көрсетудегі жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар :
· аурудың (соның ішінде эпиданамнездің) шағымдарын және анамнезін жинау;
· физикальды тексеру.
Диагностикалық критерийлер:
Шағымдар мен анамнез:
Шағымдар
· температураның көтерілуі;
· бас ауыруы, мазасыздық; сәбилерде аурулы шыңғырған айқай;
· жеңілдік әкелмейтін қайталанған құсық;
· денеде бөртпелер;
· құрысу;
· жарықтан қорқу;
· мұрынның бітелуі;
· тамақтың жыбырлауы.
физикальды тексеру
· тері жамылғыларының бозарыңқылығы;
· бөкселерде, жамбаста, жіліншікте айрықша оқшауланумен, аурудың басында ортасында некрозымен геморрогиялық «жұлдызшалы» бөртпе; бетте геморрогиялық бөртпенің болуы аурудың ауырлығын дәлелдейді және жағымсыз болжамалы белгі болып табылады;
· бір жасқа дейінгі балаларда – үлкен еңбегінің кернелуі мен ісінуі, Лессаждың оң симптомы немесе «іліп қою»;
· тежеумен алмастырылатын қозу;
· гиперестезия, «ми айқайы»;
· басты шалқайту, «тазы ит» кейіпі;
· желке бұлшық еттерінің ебдейсіздігі;
· Брудзинскийдің, Кернигтің оң симптомдары;
· құрсақ рефлекстерінің төмендеуі;
· тахикардия, жүрек соғу дыбыстарының күңгірттігі, систолалы шу тыңдалады, АҚ төмендеуі;
· бас ми ісінуі дамыған кезде: БМН тез жазылатын зақымдануы – әдетте, III, VI, VII мен VIII жұптардың; Бабинскийдің оң симптомы (нормада 1 айға дейінгі жастағы балаларда болады);
· гиперемия, жұтқыншақтың артқы қабырғаларының лимфоидті фолликулалардың ісінуі мен гиперплазиясы, бүйір білікшелердің бөртуі, шырыштың азғантай мөлшері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет