Дегидратация тәртібінде дезинтоксикациялы терапия. Т/і инфузия тәулігіне 30-40 мл/кг көлемінде жүргізіледі.
Бұл мақсатпен фуросемидпен маннинтолды (15 % ерітінді), кристаллоидтерді (физиологиялық ерітіндіні, декстрозаның 10 % ерітіндісін) және коллоидтерді (декстрантты, гидроксиэтилкрахмалдың ерітінділерін, гелафузинді, меглюминді, натрий сукцинатын) қолданады.
Бассүйек ішіндегі гипертензияны басу мақсатымен патогенетикалық терапия: · фуросемид – тәулігіне 1-2 мг/кг; емдеу курсы – 3-5 күн;
· магний сульфаты – 20 % ерітінді б/і 0,1-0,2 мл/кг;
· ацетазоламид – калий мен магний аспарагинатын үйлестіре отырып, тәулігіне 10-15 мг/кг-нан (сұлба бойынша).
Құрысуға қарсы терапия: · фенобарбитал тәулігіне 1-3 мг/кг есебінен;
· диазепам – 5 мг/мл, ерітінді – 0,1 мл/кг немесе 0,1 мг/кг/тәулік;
· натрий оксибаты – 20 % ерітінді – 50-150 мг/кг-нан (бір реттік мөлшер);
· әсер болмаған кезде – натрий тиопенталы - әрбір 3 сағатта 5- 10 мг/кг, тәуліктік мөлшері 80 мг/кг дейін.
Бас миының ісінуін емдеу Мидың ісінуін емдеу ми гипоксиясын оқшаулауға, ми тінінің метаболизмін және мидың осмореттеу жүйелерін қалпына келтіруге әкеледі.
Бас миының ісінуі кезінде жалпы емдеу іс-шаралары. 1. Өкпенің сәйкес желдетілуін және газ алмасуын қамтамасыз ету. Бұл оксигенотерапияның алуан түрлерімен, немесе тыныс алу қоспасына оттектің уланғыш емес шоғырын (30-40%) қосумен науқасты ӨЖВ аударумен қол жетімді болады. РаО2 біркелкі гипокапниямен 100-120 мм рт. ст. деңгейде (РаСО2 – 25-30 мм рт. ст.) сақтаған орынды, яғни ӨЖВ-ні біркелкі гипер желдету тәртібінде жүргізуге.
2. Тамырлы қолжетімділікті қамтамасыз ету
3. Дегидратациондық терапия:
- 10% натрий хлорид ерітіндісі – 1 сағаттың ішінде 10 мл/кг
- 25% магний сульфатының ерітіндісі – 02,-0,8 мл/кг
- осмодиуретиктер – маннитол ерітіндісінің тәулік мөлшері (10, 15 және 20%):
- емшек еметін жастағы балаларға – 5-15 г
- кіші жастағы – 15-30 г
- үлкен жастағы – 30-15 г.
Диуретикалық нәтиже өте жақсы көрсетілген, бірақ инфузияның жылдамдығына байланысты, сондықтан препараттың есеп айырысу мөлшері 10-20 минут ішінде егілуі керек. Тәулік мөлшерін (0,5-1,5 г құрғақ заты/кг) 2-3 егуге бөлу қажет.