Балалардың менингококті инфекциясы Анықтамасы Менингококк инфекциясы



бет3/5
Дата27.03.2023
өлшемі27,79 Kb.
#76594
1   2   3   4   5
Байланысты:
Меингиттер баланың

зертханалық зерттеулер: 
Қанның жалпы талдауы: таяқшалы ядролық солға жылжумен нейтрофильды сипатты лейкоцитоз, ЭШЖ жоғарлауы; анемия, тромбоцитопения мүмкін.
Несептің жалпы талдауы: альбуминурия, цилиндрурия, микрогематурия (бүйректің токсикалық зақымдалуы нәтижесінде таралған формалардың ауыр ағымы кезінде).
ЦЖС зерттеу:
· түсі – аурудың бірінші күні ликвор әлі мөлдір немесе сәл майланған болуы мүмкін, бірақ тәулік соңына қарай бұлдыр, ақшыл ақ немесе сарғылт жасыл түсті болады (нормасы – мөлдір);
· қысымы – ағынмен немесе жиі тамшылармен ағады, қысым 300-500 мм. су бағ. дейін жетеді (нормасы – 100-150 мм. су бағ.);
· 1 мкл бірнеше мыңға дейін және одан аса нейтрофильды цитоз;
· ақуыздың 1-4,5 г/л дейін жоғарлауы;
· қанттың төмендеуі;
· хлоридтердің төмендеуі;
· менингоэнцефалиттің дамуы кезінде – ақуыздың жоғары мөлшері.

аспаптық зерттеулер:
· тыныс алу мүшелерінің рентгенографиясы: пневмонияның, өкпе ісінуінің белгілері (ерекше емес асқынулардың дамуы кезінде);
· бас миының МРТ/КТ: бас миы ісінуі, бас миы абсцестерінің және көлемдік үдерістердің болуы.
бейінді мамандардың кеңестеріне арналған көрсетімдер:
· невропатологтың кеңесі (менингит және менингоэнцефалит кезінде);
· окулистің кеңесі (менингит және менингоэнцефалит кезінде);
· хирургтың кеңесі (менингококкцемия кезінде – некроздың дамуы жағдайында);
· нейрохирургтың кеңесі – бас миы МРТ/КТ патологиялық өзгерістерді тапқан кезде;
отоларингологтың кеңесі – назофарингит, менингиттердің сараланған диагностикасы кезінде
Емдеу тактикасы
Емдеу мақсаттары:
· уыттануды басу;
· менингеальды синдромды басу мен ликворды санациялау;
· қоздырғыштың эрадикациясы (элиминациясы).
Емдеу тәсілі: 
дәрі-дәрмексіз емдеу:
Төсек тәртібі (таралған формалар).
Диета – толыққанды, жеңіл қорытылатын тағам.
Антибиотикті алып тастау белгілері:
· клиникалық сауығуы;
· қанның жалпы талдау көрсеткіштерінің нормалануы және ликвордың санациясы (лимфоцитарлы цитоз 1 мкл-де 100 жасушадан кем немесе жалпы цитоз – 40 жасушадан кем).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет