Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау жинақтау әдісін қолдану жолдары


Бастауыш мектепте оқуға, жазуға үйретудің пәні негізінде жүргізілген эксперимент нәтижелері



бет19/23
Дата10.05.2022
өлшемі111,24 Kb.
#33837
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау жинақтау әдісін қолдану жолдары

2.3. Бастауыш мектепте оқуға, жазуға үйретудің пәні негізінде жүргізілген эксперимент нәтижелері.

Бастауыш сынып оқушыларының каллеграфиялық жазу дағдыларын қалыптастырудың деңгейі белгіленді.

( төмен, орта, жоғары )

Төмен: бастауыш сыныптың оқушыларында әріп элементтен жазу жөнінде қызықтары бар, бірақ ол жөнінде білімі жеткіліксіз, яғни қазіргі штрихтарға көңіл бөлінбеген. Жазудағы гигиеналық талаптары ескерілмеген. Ол жөніндегі – түсініктері төмен . Арнайы каллеграфиялық жазуды дамытуды физиологиялық психологиялық гигиеналық іскерлікпен мүмкіндіктері толық меңгермегендер.

Орта: графика - каллеграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыруда орфаэпиялық және орфаграфиялық дағдылары жазуда тік механикалық түрде пайданылады, шғрмашылық іскерлікті көрсетпейтіндер.

Жоғары: каллеграфиялық жазу дағдылары дұрыс, әсіресе өз бетінше жұмыс жүргізуде қызығушылығы жоғары, арнайы жазу үлгілері дәптерлер негізінде түрлі нәтижелік үлгілерге сүйене отырып, жазу дағдыларды жетілдіргендер, әсіресе өзін - өзі ұйымдастыруға шабытпен ұмтылатындар. Жазудағы мұғалімнен алған теориялық – практикалық мүмкіндіктерді терең түсініп, оның әрбір жазу кезеңдерінде, физиологиялық – психологиялық, гигиеналық, педагогикалық іс - әрекеттерін тиімді пайдалана білетіндер. Эксперимент үш кезеңде өтілді.

№ 36 орта мектептің бастауыш буыны 1 сыныбында өткізілді. Анықтау эксперимент жүргізу барысында баламен әңгіме – сұхбат, жазуға арналған жаттығу әдістері, логикалық ойын түрлері оқушылардың тіл сабағында сауатты, шапшаң, көркем жазу дағдыларының бастапқы жағдайы анықталынды. ( Яғни, көркем жазудағы әрбір әріп элементтерін білу, жалпы сауатты жазу жайлы білімі мен іскерлігі талапқа алынды. )

Анықтау барысында сыныптағы оқушылар жазу жайлы ұғымдары бар, бірақ оны қызығушылықты үйлесімділікпен орындауда шрифт, штрих, конфигурация сияқты элементтерін ажырата білу, бас әріп кіші әріп элементтерінің дәстүрлі жазу үлгілерін, үзікті жазу, буындап жазу, сөзбен сөйлемді жазу сияқты жазу мәдениеттінің негізгі көрсеткіштерінің маңызын білу керектігі байқалды.

Қалыптастыру эксперименті үш кезеңде өтілді:

Оқушыларға жазу дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын тілге сүйне отырып, жекелеген жүргізу қарастырыды.

І кезеңде – балаға жазу дағдыларын сауатты, шапшаң түрде үйретуде тіл сабақтарын логикамен байланыстыра отырып қалыптастырдық. Кезеңнің негізгі міндеті оқу мен жазуды бірдей байланыстыра жүргізу К.Д. Ушинскийдің негізіне сүйене отырып, жүргізген сабақтардағы мүмкінтермен тексерілді.

ІІ кезеңде – көркем жазуға үйрету арнайы қазақ тілі мен ана тілі сабақтарда өткізілді. Сабақтардың көздеген мақсаттарына байланысты көркем жазуға уақыт арналып орфаграфиялық орфаэпиялық жазу нормаларымен жұмыс істеудің әр түрлі амал жолдарын іздестіре білу, оны сабақ үрдісінде нәтижелі пайдалана білу қамтамасыз етілді.

ІІІ кезеңде – арнайы бастауыш мектептің аптасына бір рет берілетін көркем жазу сабақтарында жазу мәдениеті арқылы өз бетінше шығармашылық әрекеттер жасауына үйрету қажеттігі туды. Бұған сауатты жаза білетін бала ғана дұрыс, шапшаң оқудан хабары бар, өз ісіне жауап бере алатын, сабақ, сабақтан тыс уақтында да өз бетінше жұмыс істей алатын тұлға бола алады. Эксперимент барысында 1 сыныпта арнайы санақ арқылы дағдыландыру, оған қоса ойын – жаттығулары сияқты жұмыстар жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет