Инновациялық логопедиялық технологияларды жіктеу әр түрлі негіздер бойынша жүргізіледі:
а) әсер ету мақсаты бойынша:
— түзете-дамытушылық технологиялар (эмоциялық, сенсомоторлық тәрбие; мнемотехника, ойлау үрдістерінің тренингтері және т. б.);
— психокоррекциялық технологиялар (арт-терапия түрлері, ертегі терапия, құм терапиясы, психогимнастика және т. б.);
– денсаулық сақтау технологиялары (гипокситерапия, логопедиялық және саусақты массаж, суджок терапия, ароматерапия, тыныс алу техникасы және т. б.)
б) әсер ету құралдары бойынша:
— ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
— қашықтықтан білім беру технологиялары.
3. Арт-терапия түрлері:
музыка терапиясы;
ертегі терапиясы;
құм терапиясы.
— музыка терапия — музыканы эмоциялық қабылдау, музыкалық аспаптарда ойнау. Әуен және оның ырғақты негізі мен орындалуына байланысты музыка әр түрлі әсерлерді көрсете алады.
— ертегі терапиясы — баланың сөздің қорын, байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда қолданатын әдіс.
— құм терапиясы — сөйлеуді сапалы түзеуге және эмоциялық-ерік саласының дамуын қалыптастырады.
26. Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар
1-2 жаста
o Шимайлар мен сызықтар сала алады.
o Ыдысты қолына алып, көтеріп іше алады.
o Төртбұрышты төртбұрышқа, домалақты домалақ тесікке сала алады.
o Кітаптарды парақтай алады.
2-3 жаста
o Үлгіге қарап қарапайым пішіндер сала алады.
o Қайшымен қиюды біледі. Қақпақтарды аша алады.
o Ірі моншақтар тізе алады.
3-4 жаста
o Қаламды дұрыс ұстай алады.
o Нүктеленген суреттерді бастыра алады.
o Өзіне домалап бара жатырған допты ұстай алады.
o Қағазды бүктей алады.
Достарыңызбен бөлісу: |