Балаларға логопедиялық ықпал жасау, түзету – тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттарын бағдарлау. 60 пен бірдей жауабы



бет1/6
Дата23.11.2023
өлшемі37,55 Kb.
#125178
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Документ


13. Балаларға логопедиялық ықпал жасау, түзету – тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттарын бағдарлау. 60 пен бірдей жауабы
14. Логопедиядағы инновациялық технологиялардың жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу әдістері.
Инновация — кез келген жаңалық немесе жаңалықты енгізу ғана емес, бұл бүгінгі қолданыстағы білім жүйесінің тиімділігін арттыратын үдеріс. Инновациялық іс-әрекет — білім берудің кез келген деңгейінде инновациялық үдеріспен қамтамасыз ететін шаралар кешені және үдерістің өзі. Педагогикалық инновация білім беру жүйесін қайта құру, жетілдіру, модификациялау, өзгертуге байланысты немесе оның белгілі жақтарын, қасиеттерін және аспектілерін (жаңа заңнамалық акттерді, құрылымдарды, тұжырымдамаларды және интеграциялық байланыстарды және т.б.) жасақтау. Инновациялық үдеріс ұйымның мақсаты, құрылымы, міндеттері, технологиясы және адам ресурстарын қамтиды.
Технология деген сөз грек тілінен алғанда техне – өнер, кәсіп, ғылым, логос – ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді.
Технологиялық инновациялар – бұл жаңа заманның компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялары. Технологиялық инновациялар экономикалық механизмдерде, оқытушылар мен білім алушылар еңбегін ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістерге, оқытушылық қызмет сипатына зор үлес қосылады.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
● оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс - әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
● оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
● оқу процесінде қарым - қатынастың еркін болуы;
● оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы - педагогикалық қарым - қатынас пен қарым - қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Интерактивті әдіс - тәсілдерді жиі пайдалану, әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педагогтар қауымының басты міндеті.
Интерактивтік оқу технологиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, білім алушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым - қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен білім алушының іс - әрекетін оқу - ойындар түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады:
♦миға шабуыл әдісі;
♦топпен жұмыс;
♦проблемалық шығарма әдістері;
♦рөлдік ойындар;
♦зерттеулер;
♦іскерлік ойындар;
♦сын тұрғысынан ойлау әдісі;
♦пікірталастар және т. б.
15. Әр түрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуында инновациялық технологиялар.
1.Ойын технологиясы
2.Денсаулық сақтау технологиясы
3.ТТШТ технологиясы
4.Қатынастық-ақпараттық технологиясы

  1. Сын тұрғыдан ойлау технологиясы

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік,әңгімелесу, бақылау, мнемокесте,модельдеу,сөздік т.б
1.Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын технологиясын қолданудың орны ерекше екендігіне көз жеткіздім. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен тілдік қарым-қатынас жасайды. Балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткіземін.
а)Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «қай пішінге ұқсайды?», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз?», т.б.
ә)Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығыл-
ды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Ұқсасын тап», «не артық?» т.б.
б)Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «», «Жақсы-жаман»,«дұрыс-бұрыс»,«біреу-көп» т.б.
2.Балалардың тіл білімдерін жетілдіруде денсаулық сақтау технологиясының маңызы өте зор.Мысалы балалармен бірге танымдық сағаттарда артикуляциялық жаттығулар кешенін, тіл ұстарту жаттығуларын, тілдік, сөздік ойын түрлерін, саусақ ойындарын жүйелі түрде өткіземіз.Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» «Моншақ», «қасқыр», «доп», «күн», « ,ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіругебағытталған. 3.Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбиелеуде ТТШТ технологиясын алғашқы математикалық түсініктерін қалыптастыруда, тілдерін дамытуда тиімді екенін байқадым. ТТШТ — тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы Бұл ең жас, әрі кең тараған таныс педагогикалық инновациялық жүйе. Оны Ресейлік ғалым және қиялшыл – жазушы Генрих Альтшуллер жасаған. Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Мысалы:«Ұқсастықтарын тап» ойыны арқылы қарама-қарсы тұрған заттардың ұқсастықтарын тауып айту керек.«Не жетіспейді?» деген ойын арқылы баланың есте сақтау қабілеті шынығады. «пішіндерді топтастыр», «не артық», « ұқсас затты тап», неге ұқсайды» т.б ойын түрлерін қолдану арқылы балалардың қызығушылықтарын оятып, тіл білімдерін жетілдіруде үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет