Өз бақылауларыңызға сүйене отырып (отбасындағы, мектептегі, ең жақын қоршаған ортадағы), әртүрлі факторлардың оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етуінің нақты мысалдарын келтіріңіз.
Жақсы жағы
Жаман жағы
Баланың мінез-құлқын қалыптастырушы
Тәрбиенің бастауы
Қарым-қатынасты үйретуші
Балаға мотиватор
Денсаулығына көңіл бөлуші
Отбасы құндылығын қалыптастырушы
Баланың болашағына тікелей әсер етуші ең негізгі фактор
Оқушының кез-келген бастамасын қолдаушы,стимулдаушы
Тұлғаның жеке қажеттіліктерін қанағаттандырушы
отбасы
Үлкендер арасындағы теріс қарым-қатынастар балаға әсер етуі
Жаман іс-әрекеттерге еліктеу
Тұрмысы төмен отбасыларда оқушылардың денсаулық,білім,тәрбие санаттарында теріс әсер етуші жақтары бар
Көп адамдармен қарым-қатынасты орнатуға баулу
"Өзіндік менін" қалыптастырушы
Өз бетінше мәселелерді шеше білуге үйрету
Еңбектенуге,шығармашылыққа, білімді болуға жетелейтін фактор
Мектеп
Кейбір жағдайда( оқушылардың баланы шеттеп тастауы, мұғалімнің балаларды бөліп жаруы) тұлға қалыптасуына эмоциалық,психиқалық, қарым-қатынастың тежелуіне,тұйықталуына әкелуі мүмкін
Сыйластық, әлеуметтену, достық қаситтерін дамытушы
Қоршаған ортадағы табиғат, жан-жануарларға,"әлемге" қарым-қатынас орнатуға көмектесуші фактор
Қоршаған орта
Ата-ана назарынан тыс қалған кездерде жаман ортаға түсіп кетуі,зиянды әрекеттерге бару. Қоғамдық құқықбұзулық жасау.
Мысалы:
Отбасы- тұлға дамуы баланың шыр етіп дүниеге келуінен басталғандықтан ата-ананың,жақындарының оқушыға деген қарым-қатынасы негізгі фактор. Оқу үлгерімі нашар болған жағдайда, ата-ана баланың білімін жетілдіруіне көмек беруі тиіс. Егер керісінше нашар оқитын оқушыға ата-анасы оқымайтынын бетіне баса берсе ,онда, баланың мінез-құлқы өзгереді. Оқуға деген құштарлығы жоғалады. Өзіне деген сенімділігі жоғалады.
Сынып ұжымының сипаттамасы бойынша тәрбие мақсатына ықпал ететін негізгі факторларды атаңыз.
1. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықгарының, қозғаушы күштерінін және тәрбиелеу механизмдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білімдер.
2. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму зандылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.
3. Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.
4. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.
5. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа (сабақга және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ықпалдасу жүйесі) жетуге бағытталған окудағы және оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу.
6. Алғашқы (сыныптық) ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-өзі басқаруды ұштастыра алуы.
7. Алғашқы ұжымды мектепте және мектептен тыс басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.