Баланың психофизикалық дамуын бағалау хаттамасы (Зияты зақымдалуының ауыр түрі) Тегі, аты



Дата14.02.2023
өлшемі16,14 Kb.
#67893
Байланысты:
Жамбекова Г.Ж. командалық бағалау




Баланың психофизикалық дамуын бағалау хаттамасы
(Зияты зақымдалуының ауыр түрі)
Тегі, аты: Асқарқызы Асель
Жасы: 11 жас
Диагноз: F71
Синдром Дауна. Общее недоразвитие речи І уровня.
Өткізілген уақыты: 20.04.2021 ж.
Комиссия мүшелері: Дефектолог Ж.А.Искакова, Г.К.Жакиева, логопед А.Е.Жанпейсова, психолог Н.Т.Жаңабергенова


Тапсырма

Тапсырманың орындалуы

Көру, есту, ет сезімдік ынталандырушыларға реакциясын анықтау

Жағымсыз жағдай жасағанда жайсыздық әрекетін танытады, қарсылық білдіреді.

Қозғалмайтын затқа көз тоқтату

Көзқарасы ойыншыққа тоқтайды. Ойыншыққа қызығушылық танытады.

Қозғалатын затты бақылау

Қозғалатын дыбысы шықпайтын ойыншыққа көз алдына жақын көрсетпесе назар аудармайды. Сылдырмақтың дыбысының бағытына қарай зейінін бөледі, дыбыстың қайдан шығып жатқанын түсініп іздейді. Қолына сылдырмақты берген кезде ойыншықтың дыбысын шығару үшін оны ұрғылап, шайқайды.

Затты ұстау

Бала ойыншықты бірден ұстап алады, ойыншықты қызықтап ойнайды.

Көру-қимыл үйлесімділігін (затқа алақанын, саусағын тигізу) тексеру

Бала ойыншыққа қолын өзі созады, ұстап көреді, ойнайды .

Заттарды ұстап алмай, оларды үстімен ғана қозғалту, домалату

Бірінші ретте тапсырманы түсінбейді, бірге орындағаннан кейін ғана тапсырманы орындайды.

Затты қолда ұстап тұру

Жаңадан ұсынылған ойыншықтарды зерттеп қарайды. Қызығушылығы басылғанша ойнайды. Біраздан кейін жаңа затқа қолын созады.

Затпен манипулятивтік әрекеттер

Ойыншықтарды қолына алу өтінішінен қолына алып ұстап көреді, қызығушылық болса ойнайды. Затты ұстаған кезде затпен қандай әрекеттер жасау керегін түсінеді, функцияларын меңгере алады.

Өзіне-өзі қызмет көрсетудің қарапайымдыларымен байланысты икемділіктерді тексеру

Басқалардың көмегімен ғана тамақтанады. Өз-өзіне қарапайым қызмет көрсете алады. Гигиеналық шараларды өткізуге көңіл бөлмейді, дене мүшелерінің былғанғанын (қолы, беті), киімінің су болғанын сезбейді. Жуыну кезінде де өз-өзіне қызмет көрсете алмайды.



Қорытынды: Психологпен, логопед-мұғаліммен, дефектолог-мұғаліммен, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушымен сабақтар, ұсақ және жалпы моторикаға арналған жаттығу түрлерін жүргізу, қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын дамыту.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет