Сіреспелік кезінде бүлшық еттері тым артық күшпен жиырылып тетанус жағдайы байқалады. (Тетанус - бүлшық еттің барынша көп артуы). Аталмыш жағдайда қозғалыстардың саздығымен үйлесімі бүзылады.
Гипотония кезінде (бүлшық ет тонусының төмендеуі) аяқ - қол еттері босаңсып күштері кемиді. Бүл кезде пассивті қозғалыстардың көлемі әдеттегіден артық болады.
Дистония - бүлшық ет тонусының ауыспалы түрі. Бүл жағдайда аталмыш бүзылу түрақсыз, ауыспалы болып келеді. Тыныштық кезде бүлшық еттер босаңсып, ал қозғалуға талпынғанда тонусы кенет жоғарылағандықтан қозғалуға мүмкіншілік болмайды.
Ерікті қимылдардың шектеуімен мүмкінсіздігі (парездер мен параличтер)
Мидың зақымдану ауырлығына байланысты қимыл - қозғалыстардың жартылай немесе толығымен жоқтығы байқалады. Бас миының қозғалтқыш аймақтары мен қозғалтқыш жолдары зақымдануының салдарынан ерікті қозғалыстардың жоқтығын - орталық паралич,ал қимылдар шектелуін орталық парез деп атайды.
Зорлық қимылдардың болуы. БЦП-нің көп түрлеріне зорлықпен атқарылатын қозғалыстар тән, әсіресе жиі кездесетіндері: гиперкинездер және тремор (қол саусақтарының қалтырауы).
Гиперкинездер - ауыспалы бұлшық ет тонусының салдарынан пайда болган еріксіз зорлықпен атқарылған қимылдар, жасанды тұрыстар және аяқталмаған қозғалыстар. Гиперкинездер ерікті қозғалу актісін тежеп, кейбір жағдайда мүлде қимылдай алмай қалады. Зорлық қимылдар артикуляциялық аппарат, мойын, бас, әртүрлі аяқ - қол бөлімдерінде және дененің бүлшық еттерінде де байқалады.
Тремор - қол саусақтары мен тілдің дірілдеуі. Мүндай бұзылу мақсатты қимылдарда орын алады (мысалы, жазу кезінде). Мақсатты қимылдың соңында тремор өрши түседі. Мысалы, көз жұмып қол саусағын мұрынға тақаған кезде (треморды айқындауға арналған саусақ - мұрын әдісі) анықталады.
Қозғалыстар теңдігі мен координациясының бұзылулары (атаксия). Дененің атаксиясы отыру, тұру, жүру тұрақсыздығымен білінеді. Мұндай жағдайда балалар кемістіктерін өтеу мақсатымен талтайып, теңселіп, тәлтіректеп жүруге мәжбүр болады. Координация бұзылуы қимылдар дәлме-дәлдігінен көрінеді (біріншіден қол қимылдарының).
Қозғалыс түйсігінің бұзылуы (кинестезиялар). Қозғалтқыш қызметттерінің дамуы қозғалыс түйсікпен ет-буын сезіммен байқалады. БЦП-мен ауыратын балаларда тік тұру сезімі нашарлайды, кейбіреулерінде жүру бағытын қабылдау да бұрмаланады (мысалы, қол саусақтарының тік көтерілуі шеңбер бойынша жүргізілетін болып сезіледі).