Баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуындағы отбасының маңызы



бет3/9
Дата18.10.2023
өлшемі77,3 Kb.
#118550
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 4-1

Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине, бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы,

терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады.


Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортада мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардың қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардың талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды. Д.Локк (1632- 1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады," - деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады. Революционер-демократ В.Г. Белинский (1811- 1848) баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді.
Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген жорамал ойға келді.
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол -баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.

    1. Отбасының тәрбиелік әлеуеті.Отбасындағы ата-ана мен бала қарым-қатынасы.

Қазіргі таңда қоғамда отбасының әлеуеті өзекті мәселелердің бірі. Отбасы әлемі әр алуан. Ол ата - аналарға адам өмірінің кереметін сезінуге, оны түсінуге, өз бар болмысын балалар үшін ұзартуға мүмкіндік береді. Бірақ отбасы өмірі – сан қилы, рахаттанумен қатар қиындықсыз, мәселесіз отбасы болмайды. Отбасы тәрбиелеу көзі. Отбасы мәселелері - бүкіл қоғам мәселелері. Дәстүрлі отбасының дағдарыстық жағдайы кең құбылыс.
Ата - аналардың балалармен өзара әрекеттестік және өзара қатынас тарихы отбасы тарихымен тығыз байланысты. Отбасы - бұл баланың өзі және басқалар туралы ойы қалыптасатын және оның әлеуметтік табиғи, сондай – ақ рухани мәдениеттің орталығы. Баланың дүниеге келген сәті сияқты, оның мектепке дейінгі жасы, өсуі, дамуы және жеке тұлға болып қалыптасуы ғалымдар мен психологтардың айтуынша үңіле зейін аударатын маңызды және жауапты құбылыс. Әсіресе, ең маңызды кезеңі мектепке дейінгі балалық шақта өзіндік сана дамиды, өзіндік баға және қоршаған ортаға деген қарым – қатынасы қалыптасады. Дәл осы кезеңде баланың тұлғалық дамуына отбасының қарым - қатынас стилінің әсері өте маңызды. Балалар ата – аналармен әрекеттестігінде басқалармен қарым - қатынас әдісін меңгереді. Олар баланың өміріндегі қарым – қатынас жасаушы субъектілердің біріншісі және үлгі болатын басымырақ оқытушылары болып саналады.
Отбасы туралы В. Сатирдің пікірі бойынша: «Отбасы - барлық әлемнің микрокосмосы, яғни әлемді түсіну үшін отбасын толық тану қажет». Ал Л.Ковар болса, отбасы қатынасының жалпы үлгісі оларға қатынас жасау арқылы бағаланады деп көрсетті.
Отбасындағы ата – ана мен бала қарым – қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.
Тұлғаның жас ерекшелігіне және дамуына байланысты әр бала қарым – қатынастағы қажеттілікпен анықталады, негізінен үлкендермен қарым – қатынас жасау арқылы қанағаттандырылады. Зерттеулерден балалардың дамуының алғашқы жеті жасқа дейінгі кезеңінде қарым – қатынастың өзіндік үш формасы болады. Алғашқы және генетикалық ерте жастағы баланың қоршаған ортамен тікелей эмоциялық қарым – қатынасы. Оның белгілері баланың қоршаған ортамен тікелей эмоциялық қатынасқа түсуге ынтасы. Мұндай қарым – қатынас арқылы нәресте өзіне қажетті үлкендердің мейірімі және зейінімен қанағаттанады. Бала қол қимылын меңгеріп, ойыншықтарды манипуляция жасай алғаннан кейін, ол қарым – қатынастың келесі формасы – ситуативті бірігіп әрекет жасауға ауысады. Бала мен үлкендердің біріккен іс – әрекеті эмоциялық байланыспен жалғасады.
Отбасы-қоғамдық тіршілік сферасы. Сондықтан отбасының ішкі ахуалы саяси, әлеуметтік – экономикалық және психологиялық факторларға да байланысты.
Отбасы қарым – қатынасы, оның баланың жеке басына әсері туралы әр түрлі саладағы мамандар зерттеуінен бірнеше аспектілерді анықтауға болады. Сол арқылы ата–ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың толық бейнесін көре аламыз. Олар:

  • Ата–ананың баламен өзара әрекеттестігі;

-Ата–ананың балаға қатынасы санадан тыс мотивациясына негізделген;
-Ата–ананың балаға қатынасы рефлекстік жағдайда қалыптасқан. Бұл тұжырымдар мына факторлардың ықпалында болады:

  1. Ата–аналардың тұлғалық ерекшеліктері мен мінез – құлық факторлары;

  2. Ата– аналардың психологиялық құзіреттілігі, білім шамасы;

  3. Отбасындағы эмоциялық атмосфера;

  4. Тәрбиенің әсер ету диапозоны;

  5. Отбасы өміріне баланы араластыру деңгейі;

  6. Баланың өзекті қажеттіліктері және оларды қанағаттандыру сатысын есепке алу.

Балаға отбасында үлкендердің қарым – қатынасы өте маңызды. Оған отбасының әрбір үлкен мүшесі үлгі болады.
Ата – аналардың балаларға психологиялық әсері қашанда жеке дара. Жеткіншекке аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталынады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынастар өзгереді. Әсіресе, жеткіншекке әкесі, анасы немесе отбасындағы кез келген ересек адамның қарым – қатынасы ерекше әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет