Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, олардың білім деңгейлері, педагогикалық мәдениеті, оқу орындарымен тығыз байланыс жасаулары.
2
Әлеуметтік- экономикалық
Отбасының материалдық жағдайы, балалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету, қосымша білім беру мүмкіндіктері.
3
Технико- гигиеналық
Отбасының тұрмыс жағдайы, өмір сүру қалпы.
4
Демографиялық
Отбасының құрамы, құрылымы.
5
Әлеуметтік психологиялық
Отбасының микроклиматы, балаға деген қатынасы, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынас ерекшеліктері, балалардың жас, дара ерекшеліктерін ескеру, т.б.
Отбасының ықпалы мен педагогикалық мүмкіндіктері көптеген педагог ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Т.М. Афанасова өзінің «Семья» деген еңбегінде:
«Кез- келген жұмыс саласы және бос уақытты өткізуге біздің өзіндік ерекшеліктеріміз, қабілеттеріміз өзіндік сапалық қасиетіміздің қандай да бір бөлігі қажет болып жатады. Біріншісіне – біздің ақылымыз, екіншісіне- шеберлігіміз, үшіншісіне- ептілігіміз, төртіншісіне – сезімталдығымыз және т.б. қажетке асады. Ал балаға ата-ананың жеке басындағы қасиеттер толығымен керек болады: бет - әлпеті, дауыс ырғағы да, тіпті балаға әке - шешесінің иісі де қымбат, әрі маңызды»,- делінген.
Көптеген әдебиеттерге талдау отбасы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда негізгі фактор болатынын дәлелдейді. Дегенмен, жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін фактор отбасы, мектеп, орта (қоғамдық орта, ауылдағы жолдастары және т.б), көпшілік хабар құралдары (газет- журнал, теледидар радио және т.б.) ішінен біз отбасыны ең негізгі фактор деп бөліп алғанымызбен, ол қоғам мен әлеуметтік ортадан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан отбасының тәрбиелік мүмкіндігінде бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл факторларды мына сызба арқылы көрсетуге болады.