Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1.Баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуындағы отбасының рөлі қандай? 2.Отбасының тәрбиелік әлеуеті дегенді қалай түсінесіз?
Бала тұлғалық қалыптасу үрдісінде қандай кезеңдерден өтеді?
Ата-аналар үшін баланы саналы тұлға етіп қалыптастырудың ережелері қандай? 5.Отбасындағы тәрбие стильдерін атаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика 3 басылым.-Алматы 2004.-215б. 2.Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын-Алматы, 2004. -112б.
Баймұқанова М.Т Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс:Оқу құралы.-Астана, 2005.-180 бет.
Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика.: Оқулық. –Алматы:2012,-272 бет
Халитова І. Әлеуметтік педагогика: Оқу құралы.- Алматы: «Білім» баспасы, 2007-200 б. 6.Тұрдалиева Ш.Т. Қарым – қатынас психологиясы. Алматы – 2013.
Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987
Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991
Мақсаты: Студенттерді отбасылық тәрбиеге әсер ететін әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік- экономикалық, демографиялық факторлармен таныстыру.
Жоспар:
1.Отбасы тәрбиесіне әсер ететін әлеуметтік-мәдени факторлар 2.Отбасы тәрбиесіне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторлар 3.Отбасы тәрбиесіне әсер ететін демографиялық факторлар
Негізгіұғымдар:отбасы тәрбиесі, әлеуметтік-мәдени факторлар, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық факторлар, әлеуметтік-психологиялық.
Отбасы тәрбиесіне әсер ететін әлеуметтік-мәдени факторлар. Отбасының тәрбиесіне түрлі факторлар әсер етеді. Оның жиынтығы тәрбие потенциалын құрайды. Тәрбие потенциалы материалдық, тұрмыстық-шаруашылық, мәдени-білім деңгейлері психологиялық ахуал, ата-аналар беделі, талап бірліктері, балаларға деген сенімдері. Зерттеген ғалымдар А.В. Мудрик, И.Дементьева, А.Ю.Монахова, Г.М.Коджаспирова т.б. А.В. Мудриктің пікірі бойынша тәрбие потенциалына келесі сыртқы факторлар әсер етеді: