Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет113/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

айда:
 
жақын
адамдарды сырт адамдардан ажыратады, әндетіп ұзақ гуілдейді, көрсетілген ойыншықты
алады, ұстайды, етпетінен ұзақ жатады, қолтығынан демегенде тіке тұрады.
8
айда:
 
бөлек
сөздер айта бастайды. Сылдырмақтарды өз бетінше ала алады. Етпетінен арқасына
аударылады, еңбектей бастайды, қасықтан тамақты іше алады.


9 айда:
«Қайда?» деген сұраққа әр жерден таныс заттарын іздейді, өзінің атын
атағанда қарайды.
Заттармен әртүрлі әрекеттерді жасайды, шарды домалатады, бір заттың ішінен басқа
бір затты алады, резеңке ойыншықтармен қысып ойнайды, ыдыстан қолымен жайлап
ұстап отырып, тамақ ішеді.
10
айда
: ересек
кісілерден соң әртүрлі дыбыстар мен буындарды қайталап айтады. Ересек кісінің
сұрауымен айтылған ойыншықты тауып береді «Допты бер», «Бөпені бер». Үйренген
кимыл істерін салады (ашады, жабады, алады).
10
айда:
алғашқы
сөздерін айтады («ав-ав», «кис-кис», «бер», т.б.).
Жаңа қимылдар істей біледі: бір кубикті екіншісінің үстіне қою, таяқшадан
дөңгелекті алып, кигізу, өзі тұрады.
12 айда:
жаңа сөз буындарын жеңіл қайталайды, 10 шақты сөз біледі, өзі ыдыстағы
тамақты ішеді, өзі жүреді.
ІV-сатыдағы сабақ:
Баланың былдырына көңіл қойып айтқан буындар мен сөздерді («мама», «папа»,
«бер» т. б.) қайталап айтуға еліктету керек. Сөз сейлеуді дамыта отырып, баламен көп
сөйлесу, жан-жағындағы адамдардың атын айту, заттардың қасиетін айту қажет.
Үлкендердің сөзімен қоса кейбір кимылдарды, буындарды үйрету: 7–8 айынан бастап «кол
шапалақтау» «қолыңды бер», «сау бол», 9–10 айлығынан бастап ойыншықты алып бер т. б.
Еңбектеуге (5–5,5 айлығынан), тұруға (7–8 айынан), сүйемелдеп жүруге (8–9
айынан), 11–12 айында сүйемелдеусіз жүруге ұмтылдыру керек («алақай» т.б.). Жаңа әсер
қалдыру және сөз сөйлеуді дамыту үшін жануарларды, бұрамалы ойыншықтар-ды
көрсетеді, ал 10 айлығынан суреттерді көрсетеді. Ойыншықтарды ілмей столға, манежге
қоя және ала бастайды. Олар арқылы қарапайым қимылдар көрсете бастайды.


Ойыншықтар.
Әртүрлі және неғұрлым күрде-лірек, дауыс шығаратын әртүрлі
материалдардан жасалған қуыршақ, құс, қоян, балық
және т. б. қимыл қозғалыстарын жақсарту үшін
доптар, сырғанайтын ойыншықтар, әр түрлі жеңіл
ашылып, жабылатын қораптар және т. б. (2–3-тен
артық болмауы керек). Шағын пирамидалар (2–3 қалың
дөңгелектен тұратын) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет