Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ӘР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ КҮН ТӘРТІБІ



Pdf көрінісі
бет116/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ӘР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ КҮН ТӘРТІБІ
Тәрбиелеу әдістерін үйренбестен бұрын балалар мекемесінің ерекшеліктерін оқып-
үйрену керек.
Балалар үйі.
Ата-анасынан айырылған немесе әр түрлі себептермен ата-аналары
тәрбиелей алмайтын балалар тәрбиеленетін жабық түрлі мекемелер. Тәрбиеленетін
балалардың жасына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: Сәбилер үйі – 3 жасқа дейінгі
балалар тәрбиеленеді; Мектеп жасына дейінгі балалар үйі, мектеп жасындағы балалар үйі
болып бөлінуі мүмкін.
Сәбилер үйіне 
балалар көбіне перзентханадан ауыстырылады, көбісінің ауыр тұқым
қуалайтын аурулары бар, көпшілігі туылу кезінде зақымдалған болып келеді. Туылғаннан
бастап жасанды қоспалармен тамақтанады.
Балалар үйлерінде тәрбиелік жұмыстың өз ерекшеліктері және қиындықтары бар.
Олар негізінде от басының тәрбиелік ықпалының жоқшылығына, балалардың үнемі
ұжымдық ортада болып, күнделікті өмірінің бір сарынды, пікір әсерінің шектеліп келетін
өмір сүруіне байланысты болып келеді. Қалыптасу кезеңдегі карантин топтарының
ерекшеліктері одан да көп болып келеді.
Бала үнемі ұжым ортасында болғандықтан тез шаршайды, сондықтан оларды мезгіл-
мезгіл балалар үйінің басқа, жеке бөлмелеріне шығарып тұрған дұрыс. Бөлмедегі
мүліктерді баланың жекелеп айналысуына, жұмыс істеуіне ыңғайлы етіп қойған жөн.
Баламен жеке қарым-қатынас жасауға тырысу керек.
Бөбектер бақшасы, бала-бақшасы
– ашық түрлі мекеме. Бөбектер бақшасында 3
жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Балалар бақшасында 3-тен 7 жасқа дейінгі (мектеп
жасына дейінгі) балалар тәрбиеленеді. Балалар мекемесіндегі тәрбиелік жұмыстар
жүргізгенде негізгі педагогикалық ережелерді есте сақтау керек:
1. Бірігіп жұмыс жасау ережесі, яғни мекеме кызметкерлерімен ата-аналар арасында
үнемі тәрбиелеу жұмыстарын бірігіп жүргізулері керек. Сонда бала қандай жағдайда


өзін қалай ұстау керектігін, нені істеуге болады немесе болмайтынын
шатастырмайды.
2. Баланың дербестігін жетілдіру.
3. Айналысып, қызығып істеген жұмыстарына жиі шек қоймау, бөлмеу керек.
4. Балаларды шаршатып алмау керек. Әсіресе, адаптация кезінде, яғни баланың яслиге,
бала бақшаға алғашқы келе бастаған күндері, оның өмірінің жаңа сатысы болып
есептеледі. Қалыптасқан әдет-машықтары өзгермей, сақталып, ол жаңадан үйреніп,
біліп келе жатқан әдеттері нығая бастайды (түбекке отыруды қоя бастайды, тамақ
ішкісі келмейді, балалармен ойнағысы келмейді, айтқанды тыңдауды білмейді және т.
б.)
Балаларды тәрбиелей отырып, тәрбиелеушілер өзін ұстай білуі керек: ұстамды,
салмақты, талап-тілектерін дұрыс жалғастыра отырып қоя білу керек. Қатты дауыстап
сөйлемей, ұқыпты киініп жүруі керек, іс істей білуі қажет (сурет салу, іс тігу т.б.).
34 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет