Ойын сабақтарын ұйымдастыру. Мақсат:
Көру және есту қабілетін жетілдіру,
қозғалу, ойыншықтарды қалай ұстау, сөз сөйлеу, оны түсінуді дамыту.
1 жастағы балаға арналған ойын-сабақтардың сипаттамасы:
1. Күлкі шақыру (күлдіру, көңілдендіру).
2. Сылдырмактың дыбысын тыңдату және оған қарату.
3. Ойыншықтарды ұстау, ойнай білу.
4. Заттарды орнынан алып,қайта қою, шеңберді қазықтан алу т.б.
5. Етпетінен жату, арқасынан ішіне аударылып түсу және керісінше, еңбектеу, тұру,
жүру
6. Доппен ойнау.
7. Шариктер шашу.
8. Бұрмалы ойыншықтарды көрсету.
9. «Жасырынбақ», «Қуып жетем, қуып жетем» ойындарын ойнау, шармен, доппен ойнау.
10. Қуыршақтармен, аңдармен ойнау.
11. Ән-күй сабағы.
Дербес ойындар ұйымдастыру.
Тәрбиешінің қадағалауымен баланы дербес ойынға
үйрету керек. Уақытымен ойыншықтарды алмастыру, көңілсіздендіріп ішін пыстырмау,
жалықтырмау, жылатпау керек, саусағын сормауын қадағалау қажет. Ойыншықтарды,
баланың сезім мүшелерінің жетілуіне, қозғалу, сөз сойлеу қабілетінің дамуына әсер
ететіндей етіп орналастыру керек. Ойыншықтар баланың жасына сәйкестеліп іріктеледі.
2 жастағы баланы тәрбиелеу.
1 жастан 1 жас 6 айға дейін, 1 жас 6 айдан 2 жасқа
дейінгі баланы тәуліктік тәртібі құрастырылады. Себебі, олардың уақыт ұзақтықтары
әртүрлі және сәбилерге 2 рет күндізгі ұйқы, ал одан үлкендерге 1 рет күндізгі ұйқы қажет
болып келеді
(37-38 кестелер).
37 КЕСТЕ
2 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ КҮН ТӘРТІБІН ҚҰРАСТЫРУҒА
АРНАЛҒАН МӘЛІМЕТТЕР
Баланың
жасы
Тәуліктік
ұйқының
ұзақтығы,
сағат
Күндізгі
ұйқы,
сағат
Түнгі
ұйқы,
сағат
Ояу
кезінің
ұзақтығы,
сағат
Тамақтандыру
және ойын
аралығындағы
уақыт
Таза ауада
қыдыру,
сағат
1 жастан
1жыл 6
айға дейін
14,5—13,5 2 мезгіл
2-2,5 және
1,5
10—11 3,5—4,5
3,5—4,5 сағ.
сайын
4 мезгіл
ата-анасы-
мен 1 рет
1,5 жастан
2 жасқа
дейін
13,5—12,5 1 мезгіл
3—3,5
10—11 4,5—5,5
3,5—4,5 сағ.
сайын
4 мезгіл
яслиде 1
мезгіл ата-
анасымен
38 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: |