Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Гигиеналық дағдылардың қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет123/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Гигиеналық дағдылардың қалыптасуы: 
Жуыну кезінде тек қадағалап қалай дұрыс
жуыну керектігін еске салып отыру керек. Түбекке отырған кезде баланы жалғыз
қалдыруға болмайды. Бет орамалды пайдалану қажеттігін айтуды ұмытпаңыз.
Арнаулы сабақтарды ұйымдастыру:
Ойыншықтар мен заттар бөлмеде лайықтап,
орын-орында орналасуы керек. Қуыршақтар бұрышында, қуыршақтың киімдерін, керуеті,
төсегі, легені, «Буфетте» – әр түрлі ыдыстар, «дәрігер» мен «шаштараздың» заттары,
кұрылыс материалдарына арналған бұрышта кілем мен сәкілер болуы керек. Сонымен
қатар, спорт, сюжетті ойыншықтар, транспортқа арналған бұрыш та болуы керек: доптар,
шеңберлер, автомашиналар мен кітаптар (кітаптар бұрышы, сурет салу, іс істейтін
орындарды жабдықтау керек). Бірінші бөлмеде гүлдер өсіріліп, балық, құстар ұстаған жөн.
Сабақтың 2 мезгіл (ертеңгілік, кешкі) 10–15 минуттан өткізілгені дұрыс. Таза ауада
қыдырып жүріп, ойындар өткізіледі, қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылап,
дидактикалық ойындармен кезектестіріп отырады.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
- көрнекі, әсерлі, ойлау қабілетін
- қоршаған ортаны айыру, білуін
- бір затты ойлап шығару, құрастыру қабілетінің қалыптасуын
- ән айтуға дағдылану және әнді қабылдауын
- оқу дағдыларының қалыптасуын
- ұжымда дұрыс қарым-қатынас орнатуды жетілдіру.
Сабақ барысында балалардың «неге?», «қандай?», «не үшін?» т.б. сұрақтарына толық
жауап беру керек. Арнайы қыдырулар, саяхаттар ұйымдастырылады (саябаққа, көрші,
жақын көшеге т. б.). Оған балалар қуанып, ой-өрісін кеңейте түседі. Дұрыс кимыл-
қозғалысты үйрету үшін әр түрлі рольдерге ұқсатып, ойындар өткізу керек. Мысалы:
секіру (қояндар, балпаң басып, аюша жүру т.б.). Жылдам қимылдар мен жәй қимылдар
кезектесіп отыруы керек. Ойыннан соң бала организмін тыныш қалып-күйге түсіру қажет:
Орманда қыдыру «немесе» доптарды жинап алып, орнына қойыңдар. Ойын ұзактығы 10-
15 минут.
Кітаптар мен суреттерге арналған сабақтарды арнайы бұрышта өткізеді. Кітапты
алған соң, сыртқы бетін балаларға (оларды қоршай отырғызады) көрсетеді, ұстап көруге


рұқсат етеді. Жасы 3 жас 6 айдан асқан балаларға қысқа-қысқа үзінділерді оқып беруге
болады. Міндетті түрде суреттерді көрсету керек. Кітапты мұқият, ұқыпты пайдалануға
үйрету. Ұғу-қабылдау, ойлау, назар-көңілінің дамуын жетілдіру үшін әртүрлі дидактика-
лық ойындар ойнайды:
-
әртүрлі
ойыншықтармен, суреттермен, мозаикалармен, лотолармен.
-
заттың түр-
түсін, көлемін, аумақты ажырату, сан санау, түйсігінің қалыптасуына (бір, екі, көп,
жақын, алыс, үлкен, кішкентай және т.б.) арналған сабақтар.
-
көкөніс, жеміс-
жидектермен
танысу,
араласуды
дамытуға
арналған
ойындар.
Мысалы: «көк-оністермен танысу».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет