Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет131/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Тыныс мүшелері: 
аяқ-қол, жалпақ сүйектердің, омыртқалардың, буындардың ауруы.
Мұрыннан сұйықтықтың ағуы: мөлшері, сипаты, иісі. Мұрыннан қан кету, тамақтың
ауруы. Жөтел – ұдайы немесе мезгіл-мезгіл байқалады. Құрғақ немесе қақырықты,
қақырықтың сипаты. Ентігу – тыныс алу немесе шығару ауырланған, ненің әсерінен ентігу
үдейді немесе азаяды, тәуліктің қай мезгілінде ұстайды, денеге салмақ түсуімен
байланыстылығы. Кеуде қуысының ауруы – орналасқан жері: сыздайды, шаншиды,
сырқырайды, демалыспен, жөтелмен қалпын өзгертумен байланыстылығы; ауруды не
жеңілдетеді.
Жүрек-тамыр жүйесі: жүгіргенде және ойнағанда қатарынан қалып қояма,
жүгіргенде бұрын өзгерістер байқалды ма, цианоз қашаннан қай жерде байқалады;
жүрегінің соғуы: ұдайы немесе ұстамалы түрде, ұзақтығы, денеге салмақ түсуіне, көңіл-
күйіне, ортаның қызуының өзгеруіне байланыстылығы. Жүрек тұсының ауруы: немен
152


байланысты, сипаты (шаншу, сыздайды, қысады), қарқыны, ұзақтығы, иррадиациясы
(қайда тарайды).
Ас қорыту жүйесі.
Тәбеті – жақсы, төмен, жоғары, таңдамалы, бұрмаланған. Шөл,
аузының құрғауы, сілекейінің ағуы. Жұтынғанда төс тұсының ауруы. Лоқсу, құсу, немен
байланысты. Құсықтың сипаты. Жүрегінің айнуының ішкен тамағымен, аурумен
байланыстылығы, ұзақтығы, құсуға жалғаса ма. Кекірік: ауамен, ащы, шіріген, жұмыртқа
иісті. Қыжылдау: ішкен тамақпен байланыстылығы, не жеңілдетеді. Іштің ауруы,
ауыратын жері, тамақпен, денеге салмақ түсумен байланысы; иррадиациясы, үлкен
дәретке отыруымен байланыстылығы.
Ішінің кебуі, газ шығуы, нәжісі: ретімен, ретсіз, қатуы, іштің өтуі: тәулігіне неше рет,
тамақтың түріне байланыстылығы, байқалатын мезгілі, нәтижесіз дәретке отырғысы келу.
Нәжістің түсі (қоңыр, ақшыл, жасыл, қара), қан араласқан (ашық қызыл, қара,
бетінде орналасқан, араласып кеткен), кілегей, ірің, тамақ қалдығы араласқан. Ішек
құрттары байқалама? Көтеншектің тесігінің айналасы қыши ма, нәжіске отырғанда ауыра
ма, тік ішектің айналуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет