Бөртпелер қабынған және қабынбаған болып 2-ге бөлінеді. Олардың айырмашылығы
бармақпен басқанда жойылып кетеді де, жібергенде қайтадан пайда болады. Ал,
қабынбаған дақтар саусақпен басқанда жойылмайды. Аурулардың көбі қабынулы сипатты
болады. Дегенмен, қабынулы еместеріде бар. Оларға пигментті дақтар, атрофиялар,
гиперкератоздар, ісіктер, тер және май бездерінің секрециясының бұзылулары жатады.
Терідегі патологиялық өзгерістер теріде айқын өзгерістердің пайда болуына әкеледі. Олар
терінің бөртпеленуі, яғни морфологиялық элементтер деп аталады.
Ол теріде жүріп
жатқан патологиялық процесстің сипаттамасы. Морфологиялық элементтер алғашқы
(бірінші) және екінші ретті болып бөлінеді.
Алғашқы бөртпелік элементтер өзгермеген теріде пайда болады. Оларға дақ, папула
(іріңсіз кішкене ісік), томпақ (бұдыр), түйін, күлбіреу, көпіршік, іріңдік жатады. Бастапқы
элементтер ішінде серозды, геморрагиялық және іріңді сұйықтары бар қуысты (күлбіреу,
іріңдік) және қуыссыз (дақ, папула, түйін, көпіршік, томпақ) болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: