Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


витилиго)  жатады. Папула (Рарulа)



Pdf көрінісі
бет144/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

витилиго
жатады.
Папула (Рарulа)
– (түйіншек, іріңсіз кішкене ісік) сау теріден бөлінген, терінің
деңгейінен сәл көтеріліп тұратын құрам. Беті тегіс немесе күмбез тәрізді болып келеді.
Қабыну инфильтратының дерманың жоғары жайылуынан немесе эпидермистің
ұлғаюынан (өсуінен) пайда болады. Папуланың мөлшері 2-3 мм-ден бірнеше сантиметрге
дейін барады. Үлкен мөлшерлі папулалар қатпарлы түйіртпек (бляшка) деп аталады.
Папула тәрізді бөртпелер қызылшада, ұшпада, геморрагиялық васкулитте кездеседі.
а) 
Дақ
б) 
Папула
в) 
Томпақ
166


г) 
Түйін
д) 
Күлдіреу 
е) 
Торсылдақ
ж)
Қабық
з)
Жара
и)
Тыртық
25 сурет.
 
Терінің бірінші және екінші реттегі морфологиялық элементтері.
Төмпешік (tubегсulum, бұдыр)
– сау теріден бөлінген қатты, қуыссыз, терінің
бетінен шығып тұратын, мөлшері 5—10 мм құрам. Дермада қабынулы гранулеманың
пайда болуына байланысты шығады. Сипағанда папуладан қатаңдау болады, әрі еттенеді
де, кейін тыртық немесе жара пайда болады. Тері туберкулезінде, алапесте (лепрада),
терінің саңырауқұлақтармен зақымдалуында байқалады.
Түйін (Nodus) 
– терінің деңгейінен шығып тұратын немесе қабатында орналасатын
мөлшері 10 мм-ден артық қатты құрам. Шел майында және өзіндік дермада клеткалық
инфильтраттың жиналуынан пайда болады. Кері дамығанда жара пайда болып, қыртыста-
нады. Сипалап қарағанда ауыратын үлкен көкшіл-қызыл түйіндер – 
түйінді эритема 
деп
аталады. Қабынбаған түйіндер терінің қатерлі ісіктерінде (фиброма, липома) кездеседі.
Күлдіреу (Uptіса) 
– терінің бетіне шығып тұратын, қатты қышитын, жедел қабыну-
лы элемент ретінде көрінетін жалпақ құрам. Элементтің формасы дөңгелек немесе дұрыс
емес (қисық), мөлшері бұршақтың дәнінен адам алақанындай және одан да үлкен болады.
Түсі қызыл немесе бозғылт-қызғылт. Ортасында бозғылт, кейде ақ түсті, шетке қарай
өсуге икем болып келетін кіндігі бар. Күлдіреудің пайда болу себебі дерма қабатында тез
пайда болатын ісікке байланысты. Бұл ісік қалай тез пайда болса, солай тез қалдықсыз
жойылып кетеді. Әдеттегі, күлдіреуілер қалақаймен күйгенде, сонымен қатар, әртүрлі
тағамға және дәрі-дәрмекке аллергиялық реакциялардың белгілері ретінде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет