Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Артериялық қысымның төмендеуі



Pdf көрінісі
бет194/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Артериялық қысымның төмендеуі. 
Өкпе тамырының тарылуымен қабаттасқан туа
болған жүрек ақауларында, сол жүрекше-қарынша саңылауынын таралуында қан
қысымының төмендеуі байқалады. Қарыншалар арасындағы перденің ақауында
систолиялық қысым төмендейді, ал дистологиялық қысымы өзгермейді.
Артериальды қысымның төмендеуі ревматизмнен
және басқа себептерден пайда болған миокардиттердің
маңызды белгісі. Қан қысымының жедел төмендеуі
менингококкты сепсисте (менингококкцемия) немесе бүй-
рек үсті безге қан құйылғанда байқалады. Қан қысымының
созылмалы бір қалыпты, тұрақты төмендеуі бүйрек үсті
бездерінің жарамсыздығына байланысты болады. Аддисон
ауруында (қола ауру) систолалық және диастолалық
қысымдар бірдей төмендейді.
Жүрек перкуссиясы.
Жүрек тығыз мүшелерге
жататындықтан перкуссиялағанда тұйық дыбыс береді.
Жүрек перкуссиясы көрші жатқан өкпемен салыстырған-
да, екітүрлі перкуссиялық дыбыс беретініне негізделген.
Перкуссия арқылы жүректің мөлшерін, пішінін-/орнын және тамыр будасының
өлшемін білуге болады. Бәрінен бұрын плессиметр саусақты көкірекке арнайы шекке
қатар тығыз қысу үшін және бармақпен бармаққа соғу жайлы болатын жағдайларды табу
керек
(71 сурет).
Балалардың жүрегінің шектерін тексергенде нәзік (тыныш) перкуссия
жасау керек. Себебі, балалардың көкірегі үлкендермен салыстырғанда, жұқалау және
қатты соққанда жақын жататын тіндер тербелес қимылына қосылып кетуі мүмкін,
сондықтан
жүрек
тұйықтығының абсолюттік
және салыстырмалық шектері
анық білінбей қалуы мүмкін.
71 сурет.
Журектің салыстырмалы
тұйықтығының оң, сол
жоғарғы шектерін
анықтағандағы плессиметр-
саусақтың орналасуы.
217


72 сурет. 
Перкуссия жасап, жүректің
салыстырмалы тұйықтығын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет