Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет191/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

68 сурет

Артериалық пульсті зерттеу.
а) 
ұйқы артериясында;
б)
 иық артериясында;
в)
 шыбық артериясында;
г)
 сан артериясында;
д) 
poplitea;
ж)
е)
 a. tibialis posterior;
ж)
 а. gopsolis
тыртықтар(спайкалар) пайда болғанда, сол жаққа жылжиды.
213


Оң жаққа карай Ж.Ұ.С. сұйықты плеврит, гидроторакс, сол жақта немесе ателектаз,
тыртықтар он өкпеде пайда болғанда оң жаққа жылжиды.
Декстракардияда (жүректің оң жақта орналасуы) Ж.Ұ.С. оң жақта анықталады.
Жүректің озіндік өзгерістеріне байланысты да Ж.Ұ.С. жылжуы мүмкін. Сол қарыншаның
гипертрофиясы пайда болғанда Ж.Ұ.С. сол жаққа және төмен қарай жылжиды.
Гипертрофияға дилатация қабаттасқанда жылжу өте көл болып
 
келеді. 
Перикард қуысында сұйықтық көп жиналғанда Ж.Ұ.С. жойылып кетеді.
Кейбір жүректен тыс себептер (нықты толысу, тері асты шел майының ісінуі, тері
асты эмфиземасы) Ж.Ұ.С-ін әлсіретеді.
Жүректің гипертрофиясы дилятациямен асқынғанда Ж.Ұ.С. жайылып кетеді (яғни,
оның алаңы ұлғаяды).
Пальпация арқылы кеуде қуысының дірілін бақылауға болады. Осы діріл систола
кезеңімен сәйкес келсе, ол систолалық, ал диастола кезінде анықталса, диастолалық
(мысықтың пырылдауы) деп атайды. Систолалық діріл туа болған ақауларда кездеседі.
Систолалық дірілдеуі мен диастолалық дірілдеудің айырмасы – систолалық дірілдеу
жүректің ұшының соғуынан кейін, ал диастолалық дірілдеу – оған дейін болады.
Пульсті зерттеу.
Пульс (тамыр соғуы) деп систола және диастола кезіндегі
жұмыстары, яғни жүрек соғуының әсерінен, қан тамырлары қабырғаларының бүлкілдеуі
аталады. 
Балалар пульсі өзгерімпаз (айқалағанда, жылағанда, қобалжығанда, сасып қалғанда
пульс жиілеп қана қоймай, ырғағы да бұзылады) болғандықтан тексеруді пульс жиілігін
санаудан бастау керек. Ал, өте мазасыз балаларда тамыр соғысын ұйықтап жатқан кезде
тексеру керек. Пульсты
а.rаdialis
немесе
а.tетроrаlіs
(кішкене сәбилерде) тамырларында
анықтайды 
(68 сурет).
Оң қолымен баланың қолын білек алақан буынының сырт жағынан еркін ұстап, сұқ
және орта бармақтардың ұштарымен 
а.radialis 
тамырын тауып, оны сәл ғана сүйекке қысу
қажет. Сол кезде пульстің жиілігін, ырғағын, толықтығын, күшін анықтауға болады.
Сонымен бірге, сол және оң қолдың пульстерін бірдей ұстап салыстырады. Екі жағында
бірдей екенін анықтағаннан кейін тек оң жақ қолдағы пульсты сипаттайды. Тамыр
соғысының жиілігі: 1 минутта жаңа туған балаларда 140–160, 1 жасар балада 120, бес
жаста 110, он жаста 80, ал үлкендерде 70–72 ретке тең болады. Бұл «физиологиялық
тахикардияның» себебі зат алмасудың балаларда қарқынды болуына байланысты. Бір
тыныс қимылына 3,5–4 пульс толқыны сай келеді. Кейде сол қарыншаның жиырылу күші
қатты әлсірегендіктен шеткі тамырлардың соғысы анықталмайды. Онда пульс саны
жүректің соғу санын тыңдау арқылы жүректің соғу жиілігін анықтайды. Жүрек жиырылу
санымен пульс жиілігі арасындағы айырмашылық пульс дефициті деп аталады. Тамыр
соғысының ырғағы (ритмі) – пульс толқындарының бірінен соң бірінің бірдей уақыт
аралығында өтуін ырғақты пульс деп есептейміз. Пульс ырғақты
(р. rеgularis)
және
ырғақсыз 
(р. іrrеgиlаris) 
болады. 
Пульстің кернeуі тамырдың қабырғасын бармақпен қан жүрмейтіндей етіп басуға
жұмсалатын күшпен анықталады. Пульстің бұл қасиеті систолалық қан қысымының
мөлшеріне тікелей байланысты.
Пульстің формасы (түрі) артерияны екі саусақпен жәйлап басып, оның ішіндегі
қысымның жоғарлау және төмендеу сипатына байланысты анықтайды. Пульстің формасы
әдеттегідей, тез (жылдам), секеңдеген, жәй, енжар болуы мүмкін.
Педиатриялық практикада тамыр соғысының жиілеуі жиі анықталады. Вирусты-
бактериальды ауруларының көбінде, жүрек-тамыр ауруларында, қан айналымының жетіс-
пеушілігінде, анемияларда, тиреотоксикозда тахикардия пайда болады. Дененің қызуы 1
о
жоғары көтерілсе, пульс жиілігі 1 минутта 10-12 ретке жиіленеді (үлкендерден көбірек).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет