Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Кіндікті байлау және тазарту



Pdf көрінісі
бет319/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Кіндікті байлау және тазарту. 
Баланың кіндігі тамыр соғысы басылған соң, яғни,
туға-ннан кейін 2-3 минут өткен соң, байланады. Баланың жағдайы туғанда нашар болып,
балаға жедел көмек қажет болса, кіндігін туылған кезде қысып, кесу керек. Анасының
резус факторы теріс болып, қанында антиденелер пайда болған болса, туған баланың
кіндігін эритроциттердің өлуі мен билирубиннің өсуін азайту үшін, туылған бойда бірден
байлап тастайды.
Кіндік бауының тамырларының соғуы тоқтағаннан кейін (туылғаннан 5-10 минуттан
соң) кіндігін байлап, анасынан бөледі. Ол үшін кіндік сақинасынан 10-15 см қашықтықта
қысқыш салып кіндік бауын қысады. Кіндікті таза стерильді жібек жіппен, кіндік
сақинасынан 1,5 - 2 см қашықтықта, жақсылап байлайды. Екінші рет, бірінші жіптен 2 - 3
см қашықтыкта, жібек жіппен тағы байлайды. Екі жіптің ортасындағы кіндік бауын 95%-
ды спирт ертіндісімен (йодтың 5% ертіндісімен) тазалайды да, стирильді қайшымен
кеседі. Кіндіктің кескен шын йод ертіндісімен, қалдығының ұшын 95% спирт ертіндісімен
өңдейді. Кіндік қалдығын күту үшін көбіне А. И. Чистякова әдісі қолданылады. Бұл әдіс
бойынша өңделген кіндік қалдығын екі төрт бұрышты салфеткамен (10x10 немесе 12 × 12
см) байлайды. Бірінші салфетканы кіндік қалдығына салып
(95
және
96 сурет),
үстінен
екінші салфеткамен, басқа тартқан орамал сықылды етіп, кіндік сақинасы мен
қалдығының ортасынан, қатты қысып байлайды. Кіндікті байлаудың бұл әдісінің келесі
сатылары 
97 
және 
98 суреттерде 
көрсетілген.
Бұл әдіс жабық әдіс болып есептелінеді.
Кіндікті басқа тәсілмен кесуге де болады: спиртпен тазаланған кіндік бауына іштің
алдыңғы бетінен 0,5 см қашықтықта Кохер немесе Пеан қысқышын салады. Содан соң
қысқыштан 2 см жоғарыдан байлайды да, қысқыштың үстіне тақап кіндік бауын кеседі 
(99
сурет).
Қысқыштың астына стерильді мақта салып, ішіне орап байлап тастайды. 4
333


сағаттан соң қысқышты алып, кіндіктің қалдығын 4 қабатталған стерильді, құрғақ марлі
салфеткамен байлап орап тастайды.
Кіндікті кесу үшін Роговин тұтқасын (скобасын) пайдалануға болады
(100 сурет).
Тұтқаны әдейі арналған қысқышпен салады. Кіндікті тұтқаның жанынан кесіп, калийдің
марганцты қышқылының ертіндісімен өңдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет