Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет322/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

101 сурет

Жаңа туылган баланы 5-6
күннен бастап құнтақтау
336
б)


босану кезінде баланың басы шыға бастағанда қан айналымы тоқтап, капиллярлар
зақымдалуы мүмкін.
Сүйек жүйесі. 
Жаңа туылған баланың басы салыстырмалы бағалағанда үлкен болып
келеді. Ол дене ұзындығының 1/4 құрайды. Бас шеңбері 32-34 см болып, кеуде қуысынын
2-4 см артық болып келді. Бас сүйектері тығыз болады, басқан кезде аздап майысуы
мүмкін. Кейбір балалардың бас сүйектері майысқанда пингпонг добы сияқты болуы
мүмкін. Бұл жағдай 
краниотабес 
– бас сүйектерінің кальцификациясының жетілмеуі деп
аталады. Туғаннан кейін кальцификация тез түзеліп, бітеді де, бас сүйектері тығызданады.
Үлкен еңбегі ромб тәріздес, бала туылғанда ашық, ені шамамен 2×2 см-ге тең болады.
Жаңа туған балалардың 25% кіші еңбегі де ашық, ені шамамен 0,5 × 0,5 см болып келеді,
сонымен бірге жебе жігі де жиі ашық болады. Нәрестенің басы сүйектері жұмсақ
болғандықтан босану кезінде деформацияға ұшырауы мүмкін, тіпті сүйектердің бір-бірінің
үстіне шығып кетуі де мүмкін. Жаңа туылған балалардың барлығында басында туа болған
ісік анықталады (басының бірінші туылған жерінің ісінуі), бұл ісік 1-2 күн өткесін өзінен
өзі жойылады.
Туа болған ісіктен төбе сүйектерінің қабық астына қан құйылуын айыра білу қажет.
Бұл жағдай бала аяқ жағынан туылғанда кездеседі.
Кефалогематома
бір жақта, болуы
мүмкін. Үлкендігі өріктің көлемімен жұмыртқаның үлкендігіне дейін жетеді. Бір сүйектің
шеңберінен шықпайды, ал туа болған ісік бірнеше сүйектердің аймағына орналасады.
Сипағанда кефалогематома былқылдап тұрады, ауырмайды, негізінен тығыз болып
анықталады (сүйек қабығының жуандауы). Кефалогематома көлеміне қарай 4-8 аптадан
кейін жоғалып кетеді. Нәрестелерде, босану қалыпты өткенде, әсіресе, баланың салмағы
үлкен болғанда бұғанасының сынуы жиі кездеседі. Сынық ортаңғы 1/3 бөлігінде
орналасқан, толық немесе жартылай (қабық астыңғы) болуы мүмкін. Қарағанда, сынық
маңайындағы жұмсақ тіндердің шамалы ісінуі байқалады. Толық сыну пайда болғанда
сыну аймағында крепитация анықталады. Ал, жартылай сынуда сүйектің мүйізденуі пайда
болған соң, яғни 5-7 күн өткесін білінеді.
Нәрестенің аяқ-қолдарын денесімен салыстырғанда, қысқа болады, ол дене
ұзындығының 1/3 бөлігін құрайды, аяқ пен қолының ұзындығы бірдей болып келеді. Айы-
күні жетіп туған балалар кол-аяғын бүгіп бауырына жинап жатады.
Ұршық буынының дисплазиясы мен санның шығуын және майтабандықты анықтау
үшін сандарына, балтыр-табан буындарында ерекше назар аудару керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет