Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет316/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ұрықтың ерте өлуі
– жүктіліктің толық 20 апталығына дейінгі өлім.
Ұрықтың аралық өлімі
– жүктіліктің 20 аптасынан кейін, бірақ 28 аптасына дейінгі
өлімді айтады. Ал, жүктіліктің 28 апталығынан кейінгі өлімді,
ұрықтың
 
кеш фетальды
өлімі,
яғни 
өлітуылу 
деп атайды. Өлітуылудың белгілері, жүрек соғысы мен тірліктің басқа
белгілері болмай, жасанды жандандыру (реанимациялық) жолмен тірілту нәтижесіз
болғанда нақты анықталады.
Туылу мерзіміне байланысты ЖТН-лер төмендегідей болып бөлінеді.
Күні жетіп туылған нәресте
– жүктіліктің 37 мен 42 апталықтар арасында туылған
нәресте.
Шала туылған нәресте
– жүктіліктің 37 аптасына дейін туылған нәресте.
Күні асып туылған нәресте
– жүктіліктің 42 аптасында және оданда асып туылған
нәресте. 
Аз салмақпен туылғандар –
кез-келген гестациялық мерзімде, салмағы 2,5
килограммнан аз салмақпен туылғандар.
Өте төмен салмақпен туылғандар
– кез-келген гестациялық мерзімде, салмағы 1,5
килограммнан аз салмақпен туылғандар.
Экстремалды (төтенше) төмен салмақпен туылғандар (экстремалды шала туылған
нәресте) – кез-келген гестациялық мерзімде салмағы 1,0 килограммнан аз салмақпен
туылғандар.
«Гестациялық жасынан кіші»
– құрсақішілік даму мен өсудің тежелуі, салмағының
туылу кезінде гестациялық жасына қарағанда төмен болу, яғни жүктіліктің мерзіміне
сәйкес салмағы 10% центилден төмен болып туылғандар. Қазіргі кезде бұл атау
«құрсақішілік дамудың кідірісі» деген түсінікпен ауыстырылған.
«Гестациялық жасынан үлкен нәресте»
– гестациялық жасынан салмағы 90%
центилден жоғары болып туылады, бұлай болудың көп жағдайда себебі, анасының қант
диабетімен ауруы.
Гестациялық жас
– нәрестенің құрсақтағы даму мерзімі, ұрықтанғаннан бастап
туылғанға дейінгі уақытты аптамен есептегендегі ұрықтың жас, яғни әйелдің соңғы етек
кірінің (менструациясының) алғашқы күнінен, босанған күн аралығындағы апталардың
толық саны.
Жалпы жаңа туылған нәрестенің гестациялық жасын білу, нәрестенің
морфофункциональдық, физикалық жетілгендігін анықтауда маңызды болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет