Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Қалдықты көріністер кезеңінде



Pdf көрінісі
бет338/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Қалдықты көріністер кезеңінде
мидың зақымдалуының ең ауыр ақыры –
балалардың церебральды салдануы, гидроцефалия, эпилепсия болып табылады. ОНЖ-ң
туылу жарақаты байқалған балалардың барлығыда өсе келе әртүрлі ми ауруынан зардап
шегеді.
Емі
 
босану залында реанимациялық шараларды жүргізуден басталады, сосын
қарқынды ем бөлімінде жалғасады.
Жедел кезеңінде емі ми ісінуі мен қан кетуге қарсы күреске және аяушылық режимді
қалыптастыруға бағытталады.
Емдік шаралар:
1. Дегидратация (маннитол 15%, лазикс 1%);
2. Құрысуға қарсы ем (седуксен, дроперидол, фенобарбитал);
3. Тамыр қабырғасын нығайту (кальций глюконаты, аскорбин қышқылы);
4. Нерв тіндеріндегі алмасу процесстерін қалыптастыру және мидың гипоксияға
тұрақтылығын артыру (глюкоза, АТФ, липой қышқылы, альфа-токоферол, глютамин
қышқылы). Синдромальды терапия жүргізіледі: тыныс және жүрек-тамыр
жетіспеушіліктерімен, құрысумен және гипертермиямен күрес.
Аурудың жедел кезеңінде балаға мұқият күтімді ұйымдастыру керек. Бұл кезде қатаң
қорғаушы режимі сақталуы керек: дыбысты және жарықты тітіркендіргіштердің
қарқындылығын төмендету; аяушылықпен толық қарау, орау және әртүрлі
процедураларды орындау; ауырсыну тудыратын тағайындауларды азайту; салқындаудың
немесе қызынудың алдын алатын «температуралық қорғаныс», бала күтіміне анасының
қатысуы. Ми тіндерінде оттегіге деген қажеттіліктің жоғарылауына байланысты, оттегі
беруді қамтамасыз ету керек. Дәрігердің тағайындауы бойынша, краниоцеребральды
гипотермия қолданылады. Баланы табиғи тамақтандыру нәтижелі емнің маңызды ролі
болып табылады. Баланы жағдайына байланысты тамақтандыру керек – парентеральды,
болмаса асқазан зонды арқылы немесе емізік арқылы. Аурудың алғашқы күндерінде ана
сүтімен тамақтандырып, сосын емізік арқылы берсе – ол балаға шектен тыс жүктеме
екенін есте сақтау керек.
Қалыптасу кезеңіндегі емі басты неврологиялық синдромды жоюға бағытталады, бір
мезгілде сіңірілу терапиясы жүргізіледі және нерв клеткаларындағы трофикалық
процесстерді белсендіру керек (В тобы витаминдері, церебролизин, алоэ). Ноотропты
препараттар қолданылады (пирацетам, аминалон, пантогам). Ми қан айналымын жақсарту
үшін кавинтон, стугерон, трентал қолданылады.Нәтиженің жақсы болуы физиотерапиялық
емді, массаж, гимнастика, емдік дене шынықтыруды жүргізуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет