Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ПРЕНАТАЛЬДЫ ҚАУІПТІ ФАКТОРЛАРДЫ БАҒАЛАУ



Pdf көрінісі
бет339/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

2.4.3. ПРЕНАТАЛЬДЫ ҚАУІПТІ ФАКТОРЛАРДЫ БАҒАЛАУ
 
Пренатальды кезеңдегі қауіп

бұл ұрықтың немесе ЖТН-ң өлу қауіпі,
аномалиялар мен кемістіктердің және басқа патологиялардың даму мүмкіндігі
. Ол
анасының организмі жағынан, сыртқы қоршаған ортадан және ұрықтың ішкі ортасының
бұзылысынан әсер ететін қолайсыз факторлардың нәтижесі.
Жүкті әйел әйелдер консультациясына алғаш рет барғанда (бұл қатынау жүктіліктің
12 апталығына дейін болу керек) клиникалық, лабораториялық тексеруден кейін, оның
қауіпті топтың қайсысына жатататынын анықтау керек. Қаупі жоғары топқа жататын жүкті
350


әйелдер қажетті барлық мамандарға қаралуы қажет. Кей жағдайда жүктілікті сақтаудың
тиімділігі туралы мәселеде қойылуыда мүмкін.
Барлық топтарда да қауіп мүмкіндігі үш рет анықталады: есепке алынғанда,
жүктіліктің ортасында, босандыру барысында. Жүктіліктің даму барысында төменгі қауіп
тобы, әдетте, азаяды, ал орташа және жоғары қауіптер арыта түседі Осындай жақсы
түсінушіліктің арқасында әртүрлі топтармен жемісті жұмыс жасауға мүмкіндік туады.
Алдын ала жұмыс жасау үшін балалар бірнеше топтарға бөлінеді:
1. ЖРВИ-мен жиі ауруға және әлеуметтік бейімделу кезеңінде денсаулығында
ауытқулуар пайда болуға қауіпті балалар (1-ші қауіпті топ):
Бұл топты қалыптастыру (құрастыру) антенатальды (құрсақ ішілік) кезеңде
басталады. Мейірбике төмендегі қауіпті түрткілерді анықтайды: 1. Анасының жүктілік
кезіндегі аурулары (салқын тиген); 2. Ұрық гипоксиясы; 3. Ата-анасында өкпе-бронх
жүйесінің созылмалы аурулары; 4. Қанағаттанарлықсыз отбасы жағдайы; 5. Ата-анасының
ішімдікке салынуы. Бұндай қауіпті түрткілер анықталғанда мейірбике әйел босанғанға
дейін 2 рет қатынауы (патронаж) керек. 
Әйелдер консультациясынан есепке тұрғаны туралы хабар түскеннен кейін және
жүктіліктің 32-ші аптасында қатынауды жоспарлайды. Құрсақішілік (антенатальды)
кезеңде алдын алу шаралары қамтиды: 1. Гипогалактияны болжау; 2. Болуы мүмкін
ауытқуларды болжау; 3. Жүкті әйелдің тамақтануы, күн тәртібі, шынықтыруы, дене
тәрбиесі бойынша кеңес беру; 4. Ата-анамен баланың денсаулығына әлеуметтік-
биологиялық шежірелердегі қауіпті түрткілердің әсер етуі туралы санитарлық – ағарту
жұмыстарын жүргізу. 
Құрсақтан тыс кезеңде балаларды бұл топқа енгізуге келесі түрткілер негіз бола
алады: 1. Рахит. 2. Анемия. 3. Гипотрофия; 4. Аллергиялық диатез; 5. Туа біткен ақаулар; 6.
ОНЖ ауралары бар балалар; 7. Тұқым қуалайтын аурулар; 8. Жиі ауыратын балалар; 9.
Метаболикалық және иммунологиялық ауытқулары, эндокринопатиялар байқалатын
балалар; 10. Созылмалы аурулар; 11. Ерте жасанды тамақтандыру; 12. Шала және
жетілмей туылған балалар. 13. Үлкен ұрық; 14. Нәрестелер асфиксия; 15. Бас сүйегінің
туылу жарақаты; 16. Баланы қайшылықты тәрбиелеу; 17. Ұйықтату және тамақтандыру
ережесінің баланың жасына сәйкес келмеуі. Бұл қауіпті түрткілер анықталғанда,
мейірбике бұл топ үшін жеке мамандарға қаралу жоспарын жасайды: мейірбике мен
педиатр тиісті мерзімдерінде, 1 жасқа дейін ЛОР, хирург, невролог, окулист тиісті
мерзімдерінде. 1-3 жаста ЛОР және стоматолог жылына 2 рет, қажет болса жиірек.
Мейірбике жұмыс жоспарына 1, 3, 5, 7, 9, 12 айларда тамақ құрамын және калориясын
есептеуді, 4 айлығында қан, зәр, нәжіс жалпы тексерістерін жүргізуді енгізіп, оның
орындалуын қадағалайды. Мамандардың бақылау жоспарын жасағаннан кейін, мейірбике
осы қауіпті топ балалармен жүргізілетін алдын алу шараларын қарастырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет