Туылған кезден бастап немесе бірінші күні, сиректеу, екінші күні, денесі сарғаядыда,
қарқыны арыта береді, бауыры мен талағы ұлғаяды. Сарғаю неғұрлым ерте пайда болса
солғұрлым баланың жағдайы ауыр болады. Билирубиндік уыттану ұлғаю барысында
науқастың жағдайы ауырлай түседі: физиологиялық рефлекстері зорланып, енжарлық,
ұйқышылдық пайда болады. 3-4 күндері билирубин мөлшері өте жоғары көрсеткіштерге
жетіп, ядролық сарғаю пайда болады (желке бұлшық етерінің тартылуы, құрысу, «батып
бара жатқан күн белгісі», «милық айқай», үлкен еңбектің керілуі және басқа). Бірінші
аптаның соңында өттің қоюлуына байланысты ішекке өттің өтуі бұзылады («өттің қою
синдромы»). Терісі жасыл түстенеді, нәжісі түссізденіп, зәрі қараяды, қанда тіке
билирубиннің мөлшері артады.
Туа пайда болған сарғыш түрінде науқастарда иммундық жетіспеушілік болады және
соның салдарынан инфекциялық процесс дамиды. Шеткі қанда әртүрлі дәрежедегі
ретикулоцитозбен білінетін гиперхромды анемия, нормабластоз бен эритробластоз тән
болып келеді. Кейде лейкемоидты реакциямен шын лейкоцитоз байқалады.
ЖТН сарғаю дәрежесін бағалау үшін Крамер шкаласын қолданады:
Сарғаюдын 1 дәрежесі – мойын мен бет терісінің сарғаюы.
Сарғаюдын 2 дәрежесі – сарғаю кіндікке дейін жетеді.
Сарғаюдын 3 дәрежесі – кіндігінен тізе буындарына дейін
Сарғаюдын 4 дәрежесі – тізеден төмен және қолдарын қамтиды.
Сарғаюдын 5 дәрежесі – алақан мен табанның сарғаюы.
Билирубиндік энцефалопатия (БЭ
) – сиректеу өмірінің алғашқы 36 сағатында кли-
никалық көрінісі байқалады, әдетте 3-6 күндері анықталады. Ағымын төрт фазаға бөледі:
1. билирубиндік уыттану белгілернің басымдылығы, ОНЖ тежелу синдромының үдеуі:
монотонды жылау, Моро рефлексінің текқана бірінші фазасының анықталуы, бұлшық
ет тонусының төмендеуі, тағамнан бас тарту, лоқсу, құсу, патологиялық есінеу, кезбелі
көзқарас;
2. ядролық сарғаюдың классикалық белгілерінің пайда болуы: спастикалық көрініс, желке
бұлшық еттерінің тартылуы (ригидтілігі), опистотонус, дыбыстық қоздырғыштарға
жауаптың жоюлыуы, кезеңдік қозу және қатты «милық» айқай, үлкен еңбектің
томпаюы, бет бұлшық еттерінің тартылуы немесе толық амимия, үлкен амплидулалы
тремор, құрысу; көздік белгілер: «батып бара жатқан күн күн», нистагм, Грефе белгісі;
тыныстың тоқтауы, жүрек ырғағының бұзылуы, летаргия, кейде дене қызуы жоғарлауы
байқалады;
3. жалған жағымдылық кезеңі – неврологиялық белгілер кері дамып, сауығып келе
жатқаны туралы жалған пікір тудырады;
4. неврологиялық асқынулардың клиникалық көрінісінің қалыптасу кезеңі – балалар
церебральды салының клиникасы қалыптасады; атетоз, хореоатетоз, садар, креңдік;
нервтік-психикалық дамуының тоқырауы; дизартрия – бұл белгілердің бәрі нәрестелік
кезеңнің соңында немесе 3-5 айлығында білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: