Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ГЕСТАЦИЯ МЕРЗІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚІИ ЗАҚЫМДАНУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет357/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ГЕСТАЦИЯ МЕРЗІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚІИ ЗАҚЫМДАНУДЫҢ
СИПАТТАМАСЫ
Зақымдану түрі
Гестация
мерзімі
Зақымдалу сипаты
Бластопатия
0–14 күн Генетикалық ауруға ұқсас жүйелі патологияның дамуы 
немесе ұрықтың өлуі.
Эмбриопатия
15–75 күн Мүшелердегі ақау немесе клеткалық деңгейдегі ақаулар 
(айқын ақаулар). Жүктіліктің жиі үзілуі.
Ерте фетопатия
76–180 күн Ақыры мүшелердегі фиброзды-склерозды деформациялануы 
болып келетін альтернативті компонентті қабыну реакциясы 
бар жайылған реакцияның дамуы (жалған ақаулар). Түсік 
болуы мүмкін. 
Кеш фетопатия
181 күннен
туғанға
дейін
Әртүрлі мүшелер мен жүйелердің зақымдалуымен
манифесті қабынуының, фетопатияның дамуы (гепатит, 
энцефалит, пневмония, кардит және т.б.)
Кеш фетальды кезеңде ұрықта қабыну реакциясының 3 компоненті де анықталады
(альтеративтік, пролиферативтік, әлсіз дамыған болса, тамырлық). Бірақ плазматикалық
рекация жоқ. Осы кезеңде клеткалық және гуморальды иммунитеттің қалыптасуына
байланысты ұрық инфекция қоздырғышының енуіне арнамалы жауап беру қабілетіне ие
болады. Әртүрлі мүшелер мен жүйелердің (пневмония, кардит, гепатит) зақымдалуымен
жүретін манифесті фетопатия дамиды

Босану алдында жұққан инфекцияда клиникалық көрінісі аурудың сатысына
байланысты. Егер нәресте туғанда ауру алғашқы фазада болса, инфекция көрінісі
неонатальды кезеңнің алғашқы 3 тәулігінде айқындалады. Ал, босану аурудың соңғы
сатысында жүрсе, ерте неонатальды кезеңде жиі дезадаптация синдромы дамиды. 
Ұрықтағы ҚІЖ негізінен тән клиникалық белгілерге суегіздік, тұрақты тахикардия,
құрсақ ішілік дамудың кідірісі жатады. Ал, құрсақ маңы суының аз болуы сирек
кездеседі. 
Құрсақ ішілік инфекцияның жіктелісі
Құрсақ ішілік инфекцияның бүгінгі күнде толық қабылданған жіктелісі жоқ. 70-ші
жылдарда неонатологияның құрамына синдромдық диагностика жүргізу және емдеу
принциптері енгеннен соң, неонатальды инфекцияның синдромдары да анықтала бастады.
Біртіндеп, ол 2-ге бөлінді:
а) Негізінен бактериялық флорамен шақырылатын сепсиспен аяқталатын іріңді-
септикалық аурулар.
б) Арнайы құрсақ ішілік инфекциялар.
Оппортунистикалық инфекция тек иммундық қорғаныс төмендеген кезде клиникасы
пайда болатын инфекция. Оппортунистикалық инфекциялар: цитомегаловирусты
инфекция, токсоплазмоз, хламидиоз, ұшық (герпес) және т.б. 
Жоғарыда аталған белгілердің жиынтығын ескере отырып, құрсақ ішілік
инфекциялардың клиникалық көрінісін анықтау үшін ағылшын әдебиеттеріндегі
“ТОRCH-синдром” термині қолданылады. Қысқартылған сөздері: «Т» – токсоплазмоз
(toxopasmosis), «R» – ұшық (rubella), «С» – цитомегалия (cytomegalovirus), «Н» – герпес
(herpes simplex virus), «О» – басқа инфекциялар (other). TORCH – синдромының білінетін
басқа инфекцияларға: сифилис, листериоз, хламидиоз, вирусты гепатиттер, жел-шешек
және т.б. жатады 
(64кесте).
64 КЕСТЕ
367




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет