2.4.7. ҚҰРСАҚІШІЛІК ИНФЕКЦИЯЛАР
365
Құрсақ ішілік инфекция қазіргі уақыттағы неонатологияның ең маңызды және әлі
толық айқындалмаған мәселесі болып табылады. Соңғы кезде перинатальдық аурушаңдық
және өлімнің себептерінің ішінде құрсақ ішілік инфекцияның үлесі өсіп отыр. Соңғы
мәліметтер бойынша перинатальды өлімнің ішінде құрсақ ішілік инфекциянның деңгейі
28-65%.
Тәжірибеде өте жиі ұрыққа микроорганизмнің құрсақ ішілік инфекцияның енуімен
байланысты бірдей клиникалық жағдайда акушер гинекологтар мен неонатологтар әртүрлі
терминдер қолданады (құрсақ ішілік инфекция, құрсақ ішілік инфекциялану және
пренатальды инфекция). Ол түсініктерді шатастыруға болмайды.
Біріншіден, «құрсақ ішілік инфекциялану», «құрсақ ішілік инфекция» деген
түсініктерді ажырата білу керек.
«Инфекциялану» термині тек қоздырғыштың макроорганизмге енуімен және ана-
ұрық жүйесінде иммунитеттің қорғаныш механизмдері жинақталуымен түсіндіріледі. Бұл
жағдайда аурудың клиникалық көріністері айқындалмайды.
Сондықтан, «инфекциялану» термині инфекциялық зақымданудың әлі жүзеге
аспаған уақытша фактор екенін көрсетеді. Бұл термин жаңа туған нәрестеде инфекциялық
аурудың клиникалық көріністері жоқ болған кезде, ал анамнезде инфекциялық қабыну
процесінің жүзеге асу қаупі жоғары жағдайда қолданылады.
Құрсақ ішілік инфекциялану
тек ұрықтың инфекциялық зақымдануы құрсақ
ішілік даму кезеңінде немесе босану кезінде болғанын ғана дәлелдейді.
Егер ұрыққа анасынан инфекция анте- немесе интранатальды кезеңде еніп,
микроогранизмнің құрсақ ішілік кезеңде енгені дәлелденген болса, ұрықтың және жаңа
туған нәрестелер организмінде инфекциялық ауруға тән патофизиологиялық өзгерістер
анықталған жағдайда құрсақ ішілік инфекция термині қолданылады.
Құрсақ ішілік инфекция –
анте- немесе интранатальды кезеңінде жұққан
ұрықтың инфекциялық ауруы, ол нақты лабораториялық зерттеу нәтижесі болса ғана
инфекциялық ауру болып аталады.
Ғылыми әдебиеттерде «туа пайда болған инфекция» деген де термин бар. Бұл термин
тек бала туылған кезінде, жаңа туылған балада құрсақ ішілік инфекцияның клиникалық
белгілері болса ғана қолданылады.
Туа пайда болған инфекция – инфекциялану және аурудың клиникалық кезеңдері
құрсақ ішінде жүрсе ғана инфекциялық ауру деп табылады.
Инфекцияланудың қандай гестациялық мерзімінде болғанына байланысты,
инфекциялық бластопатия, эмбриопатия және фетопатия ажыратылады.
Гематогенді жолмен ұрыққа енген қоздырғыш қабынуды шақырады. Зақымданған
зиготалар алғашқы ұрықтанғаннан соң 2 аптадан кейін ұрықтың өліміне талып келеді,
жатырдан тыс жүктілікке, генетикалық ауруларға ұқсас патологиялық өзгерістердің
дамуына, ұрықтың өсінің түзілуіндегі бұзылыстарына, ақауларға әкеледі. Эмбрионның
қабыну реакциясының ерекшелігі және альтеративті компоненттерге байланысы,
жүктіліктің алғашқы 3 айында құрсақ ішілік инфекцияда пайда болатын ұрықта даму
ақауларымен ерекшеленетін эмбриопатияның дамуына, біріншілік плацентарлық
жетіспеушілікке, жүктіліктің дамымауына және өздігінен болған түсікке әкеледі.
Клетка ішілік циклді микроорганизмдердің (көбіне вирустердің) эмбриопатия туды-
руы эмбриональды тканьдердің микроорганизмдерге жоғарғы троптығымен түсіндіріледі.
Осы аурулардың қысқаша сипаты
№ 63 кестеде
көрсетілген.
Ұрықта ерте фетальды кезеңде қабынудың альтернативті компонентімен қатар
жинақталған склерозға әкелетін пролиферативті компонент те бар. Бұл ерте фетальды
кезеңде қабыну процессінің жергіліктенуі болмай, ҚІИ-ның жайылған түрде жүріп, ана-
плацента қан айналымының бұзылысына, дистрофиялық реакцияларға, дәнекер тіндер
арасындағы жинақталған процесстердің түрлі бұзылыстарымен жүреді (ми глиозы, фибро-
эластоз). Демек, жалған ақаулар пайда болады. Пролиферативті өзгеріспен жүретін қабы-
ну процесстері қалыптасқан мүшелердегі ақауларға әкеледі (гидроцефалия, гидронефроз).
366
63 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: |