Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Құрсақ ішілік инфекцияның диагностикасы



Pdf көрінісі
бет361/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Құрсақ ішілік инфекцияның диагностикасы
ҚІИ - диагностикасы өте маңызды мәселе. Бір жағынан уақытында анықтай алмау,
уақытында ем жүргізбеу, екінші жағынан гипердиагностика негізсіз антибактериальды ем
жүргізуге ықпал етеді. Бұл ұрық үшін қауіпті. 
Жүктілік кезіндегі клиниалық көріністердің айқындалмауы лабараториялық зерттеу
әдісінің маңызын арттырады. Барлық лабораториялық диагностика әдістерінің өзіндік
371


маңызы және кемшіліктері бар. Диагностикалық мақсатта әдістерді қолдану әр мекеменің
мүмкіншілігіне байланысты.
Ультрадыбыстың зерттеу әдісінің де маңыздылығы зор болып табылады. Ұрықтың
құрсақ ішілік инфицияланудың УДЗ белгілері болып табылады: плацентит, плацентаның
уақытына сай жетілмеуі, құрсақ ішілік дамудың қалыс қалу синдромы, іш көлемінің
ұлғаюы, ұрық маңы суының көбеюі, ұрықтың гепатомегалиясы есептеледі. 
ҚІИ-ға күмәнданған жағдайда нәресте туылғаннан соң толық зерттеу әдістері
жүргізіледі: тромбоцит саны есептелінген қан анализі, зәрдің клиникалық анализі,
қандағы белок, белоктың фракцияларын анықтау, С-реактивті белок, кеуде қуысының
рентгенографиясы. 
Мұрын, жұтқыншақ жұғындыларынан, көзден, жұлын суынан, қаннан, зәрден
қоздырғыштарды табу ҚІИ диагнозын дәлелдейді. 
Арнайы емес ҚІИ-нің диагностикалық әдісіне нейтрофилдердің функциялық
қасиетін анықтау жатады. 
Вирустар, микоплазма токсоплазмаларды анықтауда серологиялық реакция қолдана-
ды. Ол қан сары суында арнайы антиденелер және олардың титрін анықтау арқылы жүзеге
асады. Серодиагностикада үшін: комплемент байланыстыратын реакциясын (КБР), бояу
реакциясын қолданатын Себин-Фельдман реакциясы (СФР), тікелей емес гемаглютинация
әдісі (ТеГАӘ), иммуноферментті анализ (ИФА). РСК және ТеГАӘ 15%-ке дейін сезімтал.
ИФА әдісі патологиялық материалдардағы қоздырғыштардағы антигендерді және
антиденелерді анықтау ферментативті фотометриялық тәсіл арқылы жүргізіледі (ИФА-
анализатор). Бұл әдістің сезімталдылығы 40-тан 80 %-ке дейін.
Серологиялық диагностика жүргізу кезінде жалған нәтижелі анализдер де болуы
мүмкін. Бұл түрлі вирустар белогы және вирустық, клеткалық белок арасындағы
антигендердің қиылысу негізінде дамиды. Сонымен қатар жаңа туған нәрестелерде кей
класстағы антигендерге антидене түзілуі анықталмайды. Арнайы диагностикалау әдісіне
иммунофлюо-ресценция анализі (ИФА) жаңа туған нәрестелерде жиі төмен болады,
себебі: әртүрлі контаминаттардың болуына байланысты. Ал, антигендердің өнімінің
сезімталдығының төмендеуі, антиен деңгейінің төмен болуымен түсіндіріледі.
Арнайы антиденелер биоденедегі жағындыны арнайы бояу иммунофлюоресценция
әдісіне негізделген. Иммунофлюоресценция әдісі (тіке иммунофлюоресценция) негізінде
жалтыраған антиген кешенді қоздырғышы арнайы қарсы денені табуда люминесцентті
микроскоп арқылы анықталаумен жүргізеді. Тікелей иммунофлюоресценция (ТИФ)
арнайы жеткілікті сезімталдығы мен техникалық қарапайымдылығы нәтижесінде кең
таралып отыр. Тіке иммунофлюоресценцияның (ТИФ) сезімталдығы клетка өсуінде,
диагностикалауда 85-90 %.
Соңғы жылдары қоздырғыштарды анықтауда жетілген молекулярлы биология әдісі
қолданылады. Қазіргі уақытта медицина тәжірибесінде кеңінен қолданатын әдіс нуклеин
қышқылының амплифликациялық полимеразды тізбекті реакциясын қолдану (ПТР). Ин-
фекциялық аурулардың геномдық агенттерін қолдану ПТР қолдану, лабараториялық диаг-
ностикадағы жеткілікті нәтиже беретін әдіс болып табылады. Әдістің негізгі маңыздылы-
ғы жоғары сезімталдылығы. ПТР негізінде алынатын мүмкіншіліктер анализдің жоғары
өзіндік сипатында, ұқсас микроорганизмдермен қиылысу реакциясының болмауы және
белгілі инфекциялық агентке, ұқсас микроорганизм ДНК-сы және қожайын ДНК-сы
болған жағдайда, өзінің ДНК-сын анықтай алатыны және генотипті жүргізе алуы. Қазіргі
кезде бұл әдіс автоматтандырылған, сондықтан да сол күннің соңына анализ нәтижесін
алуға болады.
Түрлі инфекциялық ауруларда анализге келесі клиникалық материалдар алынады:
қан, қан сары суы, қанның формалық элементтері, зәр, сілекей, шырыштармен, сілекей
сұйықтығы, көпіршік құрамы, мүше мен тіннің биоптаты.
ПТР әдісін клиникалық диагностикалауда қолдану аймақтары:
372


Серонегативті жағдайда және ем тиімді болған жағдайда инфекциялық ауруларды
ерте диагностикалау мақсатында; 
Үдемелі, жасырын, өршу және қайталамалы инфекциялық процесстерде.
Жүргізілген емді бақылау барысында;
Иммунды жетіспеушілікпен жүретін оппортунистикалық инфекцияны диагностика-
лау кезінде, серологиялық тексеріс нәтижесімен диагноз қою мүмкіншілігі төмен болған
жағдайда;
- Серологиялық зерттеу нәтижелерінің күдікті жағдайларында;
- Дәрілік заттардың резистенттілігін анықтау кезінде.
ДНК-ның диагностикалық әдісі тұқым қуалаушылық ауруларды пренатальды
анықтау үшін (муковисцидоз, фенилкетонурия, гемофилия және т.б) және әкесін анықтау
үшін тиімді әдіс болып есептеледі.ДНК диагностикалау әдісін кеңінен қолдану, басқа да
иммунохимиялық зерттеу әдісін қолдану мен (ИФА, РИФ және басқалар) бірге жүргізіле-
ді, бұл бірін-бірі толықтыратын зерттеулер. Ауруды комплексті түрде зерттеу, дәрігерге
инфекциялық агент туралы және аурудың иммунды статусы туралы толық мәлімет береді.
Бұлар нақты диагноз, этиотропты ем тағайындау мен оны бақылауға септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет