Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет364/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникасы.
Ауру балалар өмірінің алғашқы сағаттарынада немесе алғашқы 2 аптада
өлуі мүмкін. Өлім көрсеткіші 70% және одан да жоғары. Листериоздың клиникалық
көріністері тән болмауы мүмкін немесе жиі ұрық маңындағы сұйықтықтардың
аспирациясы, пилороспазм, қоректену бұзылысы ретінде қарастырады. Босану кезіндегі
жұғу аурудың бірте-бірте дамып, жергілікті инфекция (өкпелік, ішектік, менингиальдық,
терілік синдром) ретінде болуы мүмкін. 
374


Нәрестелердің листериозы деп, әртүрлі мүшелерде арнамалы гранулемалардың түзі-
луімен жүретін,өлімі жоғары дәрежеде және ауыр ағымда өтетін септико-гранулемаздық
ауруды айтамыз.
Листериоздың клиникалық көрінісі кей жағдайда тән емес белгілермен байқалуы
мүмкін де, дәрігерлер келесі аурулар ретінде болжауы мүмкін: құрсақ маңындағы сумен
аспирация, пилороспазм, қоректену бұзылыстары.
Кейбір жағдайда листериоз жедел респираторлы ауру түрінде, яғни жөтел, мұрынның
бітелуі, бронхопневмонияның көрінісімен жүреді.
Туа пайда болған листериоздың тұрақты белгісі ретінде дене қызуының 38-39
о
С
дейін жоғарылауы есептеледі. Кейде тыныстың бұзылуы, тахипноэ, цианоз байқалады.
Тері жағынан – экзантема, сарғаю, айқын бозғылттануы, кейбір ауруларда коньюктивит,
ринит дамиды. Жиі тахикардия, қан айналысының бұзылысы анықталады. Бұл белгілер
жедел бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінің көрінісі болып табылады. 
10% жағдайда науқастарда гепатомегалия, сирек жағдайда спленомегалия мен ОНЖ-
ның зақымдалуы болуы мүмкін. Бадамша бездерде, аранның (кілегей) және өңештің
кілегей қабаттарында, коньюктивада ашық -сарғыш түсті 1-3 м мөлшері бар түйіндер
(грануллемалар) байқалады. Қанды зерттеген кезде 1мкл 10х10 нан 1 мкл 20х10 деңгейіне
жететін лейкоцитоз байқалады.
Листериозды менингит.
Менингиттің этиологиясындағы L.monosutogenes ролі
толық анықталған жоқ. Бірақ, басқа географиялық аймақтарда: мысалы Солтүстік Амери-
када неонатальдық менингиттердің этиологиясында 3-ші орынды алады. Клиникалық
көріністері бойынша листериоздық менингит басқа этиологиясы бар іріңді менингиттерге
ұқсас болып келеді.
Клиникалық көрінісінде жоғары деңгейдегі қызба, гипертензия мен менингиальдық
белгілердің ерте және тез көрінуі (шүйде бұлшық ет тартылуы, Кернинг, Бруздинский
симптомдары) байқалады. Энцефалит белгілірі мидың әртүрлі бөлігінде көптеген грану-
лемалар мен периваскулярлы инфильтратқа байланысты. Мидың зақымдалуында жұлын
сұйықтығы лайлы, жоғары қысыммен ағатын, цитоз 1мл 100 ден (1мкл бірнеше мыңға
дейін нейтрофилдер басым) болып келеді. Қант пен хлоридтердің мөлшері азайған, белок-
тың мөлшері жоғарылаған болады. Моноцидтердің болуы листериоздық менингиттің
ерекшелігі болып табылады. Мидың микроскопиясы кезінде жиі клетка ішілік және клетка
сыртында грамм теріс таяқша анықталады.
Диагностикасы.
Клиникалық көріністердің әртүрлілігі макроорганизмдердің имму-
нологиялық жауабы мен листерияның штаммдарының вируленттігінің деңгейіне тәуелді.
Мұның барлығы неонатологтарға диагноз қоюды қиындатады. Алғашқы диагностика
аурудың клиникалық көріністері анамнезбен бірге, эпидемиолгогиялық көрсеткіштер мен
клиникалық, лабараториялық зерттеудің нәтижесінің негізінде қойылады. Тіндер мен
мүшелерде (плацента, қан, мекония), жұлын сұйықтығында, қанда листерийдің анықталуы
диагностикада үлкен роль атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет