Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Нәрестелердің өліетті (некротикалық) флегмонасы



Pdf көрінісі
бет384/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Нәрестелердің өліетті (некротикалық) флегмонасы
– нәрестелердің ең ауыр
іріңді-септикалық ауруларының бірі. Дерт терінің шамалы бөлегінде қолға, әдетте
сипағанда қатты білінетін қызыл түсті дақтың пайда болуынан басталады. Оның
болашақта дамуын 4 сатыға бөледі:
Алғашқы сатысы (жедел қабынулы процесс)
бірнеше сағаттың ішінде, тез
дамуымен, зақымдалу ошағының таралып, айтарлықтай үлкен болуымен
 
сипатталады.
Тері асты шел майының зақымдалуы қарқыны (іріңді қабыну) терінің өзгеру қарқынынан
әдетте, басым келеді. Бұған тері асты шел майының лимфа тамырларына, кең лимфа
қуыстарына бай болуы ықпалын тигізеді.
Альтернативті-некротикалық сатысы
аурудың басталуынан 1-1,5 күн өткеннен
кейін, терінің зақымдалған аймағы ашық қоңыр-көкшіл түске еніп, ортасында жұмсарған
кіндіктің пайда болады. Кейде зақымдалған жерді сипағанда сау теріден зақымдалған
аймаққа ауысар жерде ойық (минус– тін) байқалады. Кей жағдайларда терінің өліеттенген
тіндерінің түсіп қалып, орнына жаралық мүкістік пайда болып, оның қуысына іріңдер
жиналады. 
Реперация сатысында
 
грануляция дамып, жараның бетінде эпителизация жүредіде,
тыртық пайда болады.
 
Бұл аурудың дамуы көбіне, әдетте ІІ сатысында қосарланатын,
интоксикациямен жүреді. Қызба, құсу, диспепсиялық көріністер тән болып келеді. Метас-
тикалық инфекция ошақтары байқалса, оны сепсистің белгісі ретінде қарастыру керек.
103 сурет
.
 Нәрестенің өліетті флегмонасы
Псеводофурункулез (терінің көптеген іріңдіктері). 
Қабыну процессі тер бездерінің
шығрушы өзектерінде дамиды, бұл өзектер жаңа туған нәрестелерде және өмірінің бірінші
ойларындағы сәбілерде біршама кең болады. Әуелде шүйдеде, арқада, жамбаста және
басқа да жерлерде көлемі біршақтан орман жаңғағына дейін жететін көкшіл-күңгірт түсті
түйіндер пайда болады (инфильтрация сатысы). Қабыну ошағының ортасында флюктуа-
ция жасыл дамиды, түсті қою ірің бөлінеді. Қабыну ошағы жазылғанда, орнында тыртық
қалады. Көптеген мөлшердегі іріндіктер балада жалпы бұзылыстарда шақырады: жоғары
дене қызуы, селкостық, дистрофиялық көріністер. Ауру ұзақ, толқын тәрізді өтуі мүмкін.
Псевдофурункулез еміне жалпы және жергілікті ем кіреді. Жергілікті ем ауру
ағымына байланысты: инфильтрацияда – Вишневский немесе ихтиол мазімен, немесе
алоямен байламдар; флюктуацияда – хирургиялық тілік жасалып, натрий хлоридінің
390


гипертониялық ерітіндісі немесе стафилококкты бактериофагымен байлам таңу
қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет