Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет403/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникасы.
Жасырын түрi жиi кездеседi, оны дер кезiнде анықтаудын маңызы зор.
Құрысу ұстамалары әлi жоқ кезде спазмофилиямен ауыратын баланың жүйке жүйесiндегi
жоғары механикалық және гальваникалық қозу орын алып, оның төмендегiдей белгiлерi
406


болады:
Беттiк феномен
немесе жоғарғы және төменгi Хвостек белгісі – сәбидiн бет
сүйегiнiң шығыңкы жағын немесе жағының төменгi бұрышын (бет нервiсiнiң шығатын
жерлерiн) саусақпен жеңiл тықылдатқанда, соған сейкес қабақтыңi немесе ауыздын қас
қағымдық дiрiлi пайда болады. 
Люст феномені
– перкуссиялық балғамен кiшi жiлiншiк басын тақылдатқанда,
табанның тез жиырылуы және оның сыртына қарай иiлуi байқалады. 
Труссо белгiсi
– иықтағы екiбасты бұлшыкет тұсындағы тамыр-жүйке байламын
саусақпен басқанда, сәби қолының төменгi жақтагы бұлшықетiнiң тартылуы салдарынан
«акушер қолы» көрiнiсi білінеді. 
Эрб белгiсi
– күші 5 мА-ден төмен токпен катодты айырғанда, бұлшықеттердің
таргальваникалық қозғыштығының артуы байқалады.
Маслов белгiсi
– сау баланың аяғына ине шаншыса, оның дем алуы жиiлейдi, ал ауру
(тетания) болса, дем алысы аз уакытқа тоқтап қалады. 
Сондай-ак әртүрл вегетативтiк бұзылыстар болады: жүрек соғуының жиiлеуi,
тершеңдiк, иек, қол еттерiнiң дiрiлдеуi, тыныстың тұрақсыздығы (диспноэ), сонымен бiрге
үрейлену, ұйқысыздық, жалпы мазасыздық орын алады. Осы кезде биохимиялық
тәсiлдермен гипокальциемия, гиперфосфатемия, алкалоз барын анықтауға болады. 
Айқын түрi.
Бұл тетаниянын жиi кездесетiн түрi – ларингоспазм (дауыс
жарықшақтануы) – баланың айқайлаған, жылаған кезiнде бiлiнетiн көмейдiң құрысуы, Ол
ауа жұтудың қиындауымен көрiнедi. Көмей түгел жабылса, сәби түрi қошқылданып,
цианоз байқалуы мүмкiн, қорқу, терлеу, кейде есiнен айырылу болады. Әдетте, көмей
құрысу талмасы сәттi аякталады, бiрнеше секундтен соң құрысу тиылып, ауру шуылдата
ауа жұтады да, бiрте-бiрте дем алып қалпына келедi. Бiр күнде талма бiр-екi рет
қайталануы мүмкiн. Сирек те болса кездесетiн – карпопедальдық құрысу – табан мен қол
еттерiнiң тоникалық құрысуы. Ол ұзақ, бiрнеше сағатқа, кейде бiрнеше күндерге созылуы
мумкiн. Бұл кезде қол денеге жабысып, ал қолдың басы иiлiп, ІІ-ІІІ-саусақтары құрысудың
«акушер қолына» ұқсас болады. Тiзесі жартылай бүгiлiп, табаны салбырап (реs eguinus –
«ат табаны») тұрады. Кейде емшектегi балалардың қысқа уақытқа зәр шығаруы
қиындайды, бұл несеп, iшек, кеңiрдек жұмсақ еттерiнiң ұзақ уакыттық құрысуының
көрiнiсi. Көздiн, жақтың, мойын бұлшықеттерiнiң тартылуы көздiң уақытша
қылилануына, жақтың қарысуына, мойынның ригидтiлiгіне әкеледі.
Жүрек бұлшықетiнiң құрысуы кейде өлiмге әкелуi де мумкiн, сол сияқты дем алуды
реттейтiн еттердiң құрысуы тынысты мүлдем тоқтатып тастау қаупiн туғызады.
Тетанияның ауыр түрi –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет