Олар: өмiрiнiн алғашқы күндерiндегi тетания (қалқаншамаңы бездерiнiң құрсақiшiлiк
қызметiнiң әлсiреуi, кальцийдiң және паратгормонның ана қанында көптiгi және т.б.),
сонымен қатар, сиыр сүтiн берiп жасанды тамақтандыруға тез арада көшiргенде, шығатын
екiншiлiк гипокальциемия. Буның білінуінің басқада себептерi болуы мүмкiн: үстемелi
дем алу нәтижесінде респираторлық алкалоз бен иондалған кальций денгейiнiң төмендеуi,
қайталамалы құсулар мен iш өтулер, созылмалы бүйрек жетiспеушiлiгi, натрий
бикарбонатымен бақылаусыз емделу нәтижесінде пайда болатын ацидоз және кальцийдi аз
бергенде дамитын ятрогендiк тетания. Конституция аномалиялары мен энергия алмасу
бұзылыстары, ацидозбен (В, В
6
витаминдерi, АТФ аздығы) қабаттасқан постгипоксиялық
энцефалопатиясы бар, төрт жасқа дейiнгi балалардағы фебрильдiк құрысулардың жоқ
екендiгiне көз жеткiзу керек. 38,5 градустан жоғары гипертермияда байқалатын құрысулар
жыл мезгiлдерi мен рахит белгiлерiнде байланысты болмайды, оларға қандағы
биохимиялык өзгерiстер де тен емес.
Жасырын спазмофилия белгiлерi iштен бiткен және жүре пайда болған шын
гипопаратиреоидизмге ұксас. Соңғысы баланың жасына, жылдың мерзiмiне немесе рахит
белгiлерiнiң бар-жоғына байланысты емес және гиперестезия, ақыл-ой дамуының кешiгуi,
ЭЭГ-дағы өзгерiстермен сипаталаттын неврологиялық бұзылытстар, тұрақты блефарос-
пазм, хрусталиктiң бұлдырлануы сияқты көздiң анық өзгерiстерiмен және үнемi қайталап
тұратын диарея, стеатореямен білінетін кызметiнiң бұзылыстарымен бірге бiлiнедi.
Жалған гипопаратиреодизмде де, яғни паратгормон жеткілікті болғанымен, бүйрек
өзекшелеріне оның тиісті әсері болмағандада, шын гиперпаратиреодизмдегі бет әлпетнің
жалпақтығы, аласа бойы, денесінің кішкенелегі, табан сүйектерінің қысқалығы,
метафиздегі бұдырлар, жұмсақ тіндегі кальцинаттар диагнозды дәл қоюға жәрдем береді.
Анасының екіқабат кезіндегі токсикоз, эклампсия, эндокриндік өзгерістері, науқас
қанындағы магний деңгенйінің төмендеуі де тетания синдромына себеп болуы мүмкін.
Емі.
Ауыр түрдегі жалпылама, клоникалық-тоникалық құрысулар, ларингоспзам жә-
не тынысы бітіп, ес жоғалту ұстамасы тез жандандыру шараларын қажет етеді: жасанды
дем алдыру, 100% оттегі, құрысуды тарататын дәрі-дәрмектер беру. Әсіресе тәуір әсер
беретін 0,5% седуксен бұлшық етке жіберіледі. Тездетіп қандағы кальций деңгейін
анықтаған соң 10% кальций хлоридін немесе глюканатын 0,05 -0,5-1,0 мл венаға жібереді.
Кейін оны ішкізеді. Нейроинфекциямен ажырату үшін жұлын пункциясын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: