Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет434/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Реllаgrе
-рrеvепtіvе 
– 
пеллаграның алдын алушы) 
деп аталады.
РР гиповитаминозына терідегі, ішек-қарындағы және орталық нерв жүйесіндегі
өзгерістер тән болып келеді. Теріде дерматит байқалады. Оған ашық жерлердегі терінің,
артынан орны түлейтін қарқынды пигментациясы ерекше тән болып келеді. Ұдайы іші
өтеді. Тілі ашық қызыл түстеніп, беті тегістеледі (глоссит). Ешнәрсеге ынтасы болмай,
тұйықтанып, қасындағы адамдарға деген ынтасы жойылады (деменция). Күн тиетін
жерлерде симметриялы орналасқан эритема («пеллагралық қолғап», «шұлық», «жаға»,
«галстук») пайда болады. Ұрты мен маңдайында қоңырқошқыл пигментация байқалады.
РР гиповитаминозының ауыр түрлерімен қатар маңдайындағы, мойындағы,
саусақтарының сыртқы бетіндегі жеңіл пигментациямен білінетін жеңіл түрлері де
болады. Бұндай жағдайда баланың терісі тазаланып, жуылмаған деген қөзқарас туады.
Емшек жасындағы балаларда гиповитаминоздың алдын-алу үшін РР витаминін
тамақпен тиісті мөлшерде беру керек. РР витамині бауырда, ашытқыда, етте, бұршақта,
жұмыртқа сарысында, балықта, тауықта, қарақұмықта, жасыл өсімдіктерде, көкөністерде,
жер жаңғағында көп болады. 
Емдеу үшін Никотин қышқылы 0,01 - 0,03 г-нан тәулігіне 2 рет беріледі. Айқын
гиповитаминозда тәулігіне 100 мг беріледі.
В
4
витамині (аденин).
Бұл витаминнің маңызы толық анықталмаған. Аденин
нуклеопротеидтердің, әсіресе, клетканың ядросының құрамына кіретін, синтезделуіне
қажет деп есептелінеді. В
4
витамині ет пен балықта көп болады. В
4
витаминінің
жетіспеушілігінің клиникалық белгілері суреттелмеген.
В
5
витамині (пантотен қышқылы).
Ацетилдену және тотығу процесстерінде
маңызды орын алатын Коэнзим А-ның негізгі бөлігі. Пантотен қышқылы көмірсулар
және май алмасуына, ацетилхолинді синтездеуге қатысады, кортикостероидтардың
пайда болуын стимулдейді. Жұмыртқа сарысында, бүйректе, бауырда көп болады.
430




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет