Е витамині (токоферол).
Альфа токоферолдың активтілігі артығырақ болады. Е
витаминінің антиоксиданттық әсері күшті болып келеді. Осыған байланысты Е витамині,
әртүрлі ауруларда, күйзеліс жағдайларда, клеткалық мембраналарды қорғап, бұзылуына
жол бермейді. Е витаминінің қорын ұрық жүктіліктің соңғы 2 айында жинайды,
сондықтан шала туылған балаларда токоферолдың қоры өте аз болады. Көк өсімдіктер Е
витаминіне бай болып келеді. Сонымен қатар, Е витамині етте, бауырда, жұмыртқаның
сарысында, майда, сүтте болады. Е витамині ішекте толық сіңірілуі үшін өт қышқылдары
жеткілікті болу керек. Бұл витаминің тапшы болуы қазіргі кезде жаңа туған нәрестелердің
тыныс бұзылу синдромдарында байқалады деп есептеліп, оларға осы витаминнің
препараттарын тағайындау ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: