Рибофлавин жетіспегенде біртіндеп глоссит пайда болады. Тіс фуксин-қызыл
түстенеді. Еріннің кілегей қабығы көбейіп, жарылады (кейлоз), түлейді. Ауыз бұрыштары
жарылып, оның айналасындағы терісінің кішкене аймағы суланады. Ауыз бұрышында
жара (стоматит) пайда болады. Еріннің, ауыз-мұрын қатпарында, мұрын ұшында,
қабығының үстінде, құлақтың қалқанында себорейлі дерматит пайда болады. Сонымен
қатар, конъюктивит (мүйізді қабықтың айналасының қызаруы) байқалады. Жедел пайда
болған арибофлавинозда талып, бала есінен айырылуы мүмкін.
В
2
витаминге ащытқы, бауыр, жұмыртқа сарысы, арахис, ірімшік, сүзбе, айран,
скумбрия, нәлім, ет, бұршақ, жапырақты көкөністер бай болып келеді.
В
2
витамині 0,005 -0,01 г-нан 2 рет, ауыр түрлерінде 20 мг-нан күніне 3 рет береді.
В
3
витамині (нацин, никотин қышқылы,
РР витамині).
Организмде аденил
қышқылымен қосылып НАД, одан кейін фосфор қышқылының қалдығын қосып алса,
НАДФ-ға айналады. НАД (никотинамидтің аденил қышқылының қалдығымен
қосындысы) тотығушы қосындыларын электрондар мен сутекті бөліп, оларды, негізгі
функциясы организмді энергиямен қамтамасыз ету болып келетін, биологиялық тотығу
тізбегіне береді. Коферменттің келесі түрі – НАДФ тотығушы құрылымдардан
электрондар мен сутекті бөліп, көптеген тотықсыздандыратын биосинтездік реакцияларға,
атап айтқанда, май қышқылдарын, стероидтық гормондарды синтездеуге, тотықсыздану
жолымен қайта аминдеу арқылы амин қышқылдарының пайда болуына, арналған сутек
пен электрондардың көзі болып табылады.
Ниацин өсімдік және мал тағамдарының құрамында көп мөлшерде кездеседі.
Никотин қышқылы ең көп мөлшерде саңырау кұлақта, ашытқыларда, бауырда, етте, сүтте,
балықта және басқа тағамдарда байқалады. Жүгеріде және басқа дәнді дақылдарда РР
витамині байланысқан түрі ниацитин күйінде болады. Ол асқазан сөлінің әсерінен
ыдырамайды, сорылмайды. Ал, сілтілерде ниацитин ыдырап, қорытылады. Никотин
қышқылы жетіспегенде, пеллагра пайда болады, сондықтан, бұл РР витамині (
Достарыңызбен бөлісу: