Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет458/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

6.2.1. ОШАҚТЫ ПНЕВМОНИЯЛАР
Ерте жастағы балаларда ошақтық пневмония өте жиі кездеседі. Олар пневмонияның
барлық түрлерін 86-90% құрайды. Ошақты пневмония көбіне ЖРВИ (жедел респираторлы
вирусты инфекция) көрінісінің бірінші немесе басталғаннан кейін 4-7 күндері дамиды.
Ауру көбіне жедел басталады: дене қызуы 38°С жоғары көтеріліп, интоксикация белгілері
пайда болады, баланың мінез-құлқы өзгереді, ол солғын болып, енжар немесе керісінше
шыдамсызданады, ұйқы мен тәбеті бұзылады. Терісі боз, ауыз және мұрын айналасында,
саусақтарының ұшында көкшіл түс пайда болады, жөтел мазалайды, түшкіреді. Бұлшық
еттердің гипотониясы, тыныс алу жиілігі мен пульстің қатынасының 1:2, 1:2,5 болып,
өзгеруі (ал, нормада 1:3,5-1:4) айқын білінеді.
Зерттегенде, ең бірінші, өкпенің кебініп үлкейгені, арудың 3-5 күндері қысқа
тұйықталуы байқалады.
Кейде нәжіс сұйықтанып, тұрақсызданады, лоқсып құсады, демалысы жиіленіп,
оның бірқалыптығы бұзылып, беткейленіп, кеуде қуысының жұмсақ жерлері ішіне
тартылып, мұрын қырларының зорланып тартылуы байқалады.
Аускультация жасағанда, өкпенің көбіне бір жағында перкуссиялық дыбыстың
тұйықталған жеріне сәйкес жергілікті көпіршікті сырыл немесе крепитация естіледі.
Жүрек тондары жиілеп, тұйықталады. Сонымен қатар, перифериялық қан айналысы да
бұзылып, тері мрамор түстеніп, аяқ-қолдарының мұздағаны байқалады.
Ішек-қарын жолының бұзылғаны нәжістің сұйықтануы, құсу, іштің кебуі, бауырдың
өсуі сияқты белгілерімен анықталады. Қанда солға ығысқан нейтрофилезді лейкоцитоз,
ЭТЖ үдегені, орташа дәрежелі анемия байқалады. Қандағы биохимиялық өзгерістер
гипопротеинемия, дисгаммаглобулинемия (α
2
-глобулиндердің орташа көбеюі, γ-
глобулиндердің орташа азаюы) түрінде білінеді. 
450


Ауруды жаңа басталған мерзімінде анықтау үшін рентгенологиялық зерттеудің үлкен
көмегі бар. Рентгенограммада бұл жағдайларда орташа немесе аз интенсивті контурлары
анық емес, көбіне өкпенің базальды сегменттерінде әр түрлі мөлшерлі өкпе тінінің
инфильтрация ошақтары анықталады. Егерде ошақты-қосылған пневмония болса, онда
жеке инфильтрация ошақтарының қосылуы көрінеді. Бұл қосылу үлкен көлемді алса, онда
массивті-қосылған түрі болады.
Ошақты-қосылған пневмонияның ауыр дамуларында қауіпті жағдай туады: жедел
тыныс жетіспеушілігі, жүрек-тамыр жетіспеушілігі, нейротоксикоз, ішек-қарын синдромы
бар ерте жастағы балаларда, көбіне токсикоз бен эксикоздың дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет