Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


БАЛАЛАР ЖЕДЕЛ ПНЕВМОНИЯЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет455/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

6.2. БАЛАЛАР ЖЕДЕЛ ПНЕВМОНИЯЛАРЫ
Жедел пневмония

ерте жастағы балаларда жиі кездесетін жұқпалы
(инфекциялық) ауру. О
сы жас тобындағы сәбилер жедел пневмониямен жиі ауырады.
Аурудың жоғарғы деңгейі бірінші жылы байқалады, ал екінші жылда бұл көрсеткіш үштен
бірге, 3-ші жылда – үш есе, ал 10-14 жаста – жеті есе кем болып келеді. Ерте жастағы
балаларда бейарнамалы өкпе аурулары ішінде жедел пневмония 55,5% құрайды, ал 5-9
жаста бұл көрсеткіш 2 еседей (26%) төмендейді. 
Этиологиясы.
 
Ерте жастағы балалардың этиологиялық құрылымына 5 түрлі фактор
кіреді: микробты, вирусты, микробты-паразитарлы, саңырауқұлақты, микоплазмалы.
1.
Қазіргі уақытта балалардағы жедел пневмонияның жиі кездесетін қоздырғышы –
пневмококк (20% Пфейфер гемофиласы, стрептококк) жатады. Патогенді
стафилококк грам бойынша боялмайтын теріс грам флораныңда (протей, ішек
таяқшасы, клебсиелла, көк-жасыл рең таяқшасы және т.б.) алатын орындары ерекше. 
2.
Вирустар 5 категорияға бөлінеді:
а). Микровирустар (грипп, парагрипп, респираторлы-сентициальды);
б). Аденовирустар;
в). Ішек вирустары (ЕСНО және коксаки);
г). Ротавирустар (1, 2, 3 типтері);
д). ДНК – цитомегалия вирусы;
Вирустар маңызы: 
447


1) Вирустар пневмонияның тікелей қоздырғышы болуы мүмкін.
2). Олар тыныс алу жолының кілегей қабығы мен альвеолдардың эпителиясын бұзып,
микробтың әрі қарай енуіне жол ашады.
3). Вирусты инфекция тұрақты түрде тамыр жүйесін бұзып, микробты және басқа да
инфекцияның генерализациялануна жағдай жасайды.
4). Вирусты инфекцияның сенсибилизациялау әсері туралы да деректер бар.
5). Респираторлы вирустар көп мөлшерде гуморальды және тіндік имунитетті
төмендетеді, сонымен қатар, агрессивтілігі мен вирулентілігін күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет