Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Инфекциялық-токсикалық шокта көрсетілетін шұғыл көмек



Pdf көрінісі
бет476/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Инфекциялық-токсикалық шокта көрсетілетін шұғыл көмек.
Жүрегіне қан
келуін жақсарту үшін баланы шалқасынан салып, аяқтарын жоғары көтереді. Аяғына,
қолына жылытқыш қойып, таза ауамен дем алуын қамтамасыз етеді, оттегімен
демалдырады. Айналымдағы қан мөлшерін қалыптастыру үшін көктамырға плазманы (10-
15 мл/кг) немесе төмен молекулярлы плазманы ауыстырушылардың бірін (1-20 мл/кг)
тамшылатып, бір сағат бойына жібереді. 
Шеткі тамырлар тонусын қалыптастыру үшін, плазманы алмастырушылардан кейін
теріастына (көктамырға тамшылатып жіберугеде болады) норадреналин гидрохлоридін
(0,1-0,75) салады. Кофеин (10 немесе 20% ертінді, 0,055-0,035 мл/кг), Мезатон (1% ертінді,
0,03-0,015 мл/кг) қолдануғада болады. Бұлшықетке немесе көктамырға преднизалон (3-5
мг/кг) немесе дексаметазон (0,6-1-2 мг/кг) немесе гидрокартизон (5-10 мг/кг) қолданыла-
ды. Шоктан толық шығару үшін инфузиялық ем тиімді нәтиже алу жалғастыра (минутына
10-12 тамшы) береді. Сұйықтықтың 1/2 каллоидты ертінділерден, 1/4 10% глюкозадан, 1/4
тұзды ертінділерден тұрады. 5 г құрғақ глюкозаға 1 бірлік инсулин қосылады. Әлсіздік
толық жойылғанша 2-5 тамшыдан кофеин немесе кордиамин немесе коразол беріледі.
Дезинтоксикациялық ем.
 
Жүргізілу мақсаты: а) уларды (токсиндерді) сорып алып,
организмнен шығару; б) су-электролитті алмасудың және қышқылды-сілтілі жағдайдың
бұзылыстарын қалыптастыру; в) тиісті су мөлшерімен жоғарлаған энергия алмасуын
қамтамасыз ету; г) қанның реологиялық қаситетін жақсарту. 
Дезинтоксикациялық ем дегеніміз тездетілген (форсирлеген) диурезді қамтитын
инфузиялық ем. Жедел пневмонияда инфузиялық ем көрсеткіштері:
а)
. Науқастың
комалық немесе сопроздық жағдайы;
б).
Антипириталық емге көнбейтін тұрақты
гипертермия;
в).
Науқаста сусыздануға және электролиттік бұзылыстарға әкелетін бой
бермейтін (тоқтамайтын) құсу мен ішек салдануы байқалуы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет