Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Екіншілік созылмалы бронхит



Pdf көрінісі
бет478/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Екіншілік созылмалы бронхит 
диагнозы жоғарыда көрсетілген белгілер бронхөкпе
жүйесінің созылмалы аурулары бар науқаста байқалғанда, қойылады. 
Облитерация байқалатын созылмалы бронхиолит – жедел бронхиолиттің жағымсыз
болжамы.
Алғашқы СБ диагностикалық шектері келесілер: 

қақырықты жөтел;

3 ай бойына және оданда ұзақ тұрақты сырылдар естілуі;

соңғы екі жылда үш және оданда жиі өршудің болуы;

жоғарыда көрсетілген аруыдың жоқ екенін көз жеткізу;

бронх қабырғасында созылмалы процесстің бар екенін морфологиялық тұрғыдан
дәлелдеу.
Облитерация байқалатын созылмалы бронхиолиттің клиникалық көрінісі – оның
таралу деңгейіне (толық (тотальды) біржақты – Мак-Леод синдромы), біржақты ошақты,
екіжақты ошақты, бөлікті). 
Бронхообструктивті синдром тән. Сыртқы тыныс функциясын (СТФ) тексеру
кеудеішілік және өкпенің қалдықты көлемінің жастық бөлігін және бронх өткізгіштігінің
бұзылғанын анықтайды. Бұл функциялық бұзылыстар зақымдалу көлеміне
пропорциональды болып келеді. Жөтел қайталап білінеді, азөнімді, ылғалды,
аускульацияда зақымдалған ошақтың үстінде әлсіреген дыбыс фонында ұсақ көпіршікті
ылғалды сырылдар естіледі. Олар сол жерде тұрақты естіледі немесе ЖРА байқалғанда
сол бір жерде пайда болады. Бұл жағдай пневмониямен ажыратуды қиындатады. 
Тыныс жетіспеушілігі және өкпе-жүрегінің (corpulmonum) белгілері екі жақты
немесе біржақты тотальды зақымдалуда пайда болады. 
Емі. Алғашқы СБ өршу кезіндегі емі жедел бронхиттің емідей болады. Ремиссия
кезінде қайталама бронхитпен ауырған балалаға ұсынған бірдей шаралар жүргізіледі.
Сатылы ем қажет (аурухана – қалыптастыру (реабилитация) бөлімшесі – емхана –
464


шипажай) және диспансерлік бақылау.Облитерация байқалатын созылмалы брохиолиттің
өршу кезінде метиксантиннің ұзартылған (пролонгирленген) түрлері (теопек – 5-10 мг/кг
тәуелігіне), адреномиметиктер және холинолитиктер (оң фармокологиялық сынамада),
муколитикалық ем, кеуде қуысына массаж тағайындалады. Қажет болса, сеуіп анықтаған
флораның түрлерін, сезімталдығын ескере отырып, антибиотиктер тағайындалады.
Эхографияда өкпе гипертензиясы белгілері анықталған жағдайда кардиотроптық ем, шеткі
вазодилататорлармен (фентоламин 2-3 мг/кг, коринфар 5 мг күніне 3 рет 3-4 апта бойына),
климаттық ем, жиі ауыратын балаларға тиісті жоба бойынша ем тағайындалады. Жасы өсе
келе біржақты ошақты және сегментарлық зақымдалуларда жағдайлары жақсарады. Ауыр
түрлерінде тыныс жетіспеушілігідей түсіп, өкпе гипертензиясы дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет