Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет480/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

«дабыл таякшалары»
,
«сағат шынысы»
тәрiздi өзгерiстерi пайда
болады. Бұл науқастар тобында физикалық дамуының қалыс қалуы, дистрофиялық
бұзылыстар: терi құрғақтығы мен түлеуi, шаштың күлгiн түстенуi мен сынғыштығы,
тырнақ сынғыштығы мен көлденең жолақтауы айқын байқалады.
Алғашқы апталық сәбилерде көкжөтел тәрiздi жөтел байқалса, нәжiсiне көңіл аудару
жөн: әр мөлшерi көп, өте сасық, тұтқыр, тәулiктік мөлшерi қалыптыдан 2-8 рет артық
болып келеді. Кеселдiң бронх-өкпелiк түрі баланы емшектен айырған кезде үдей түседi
(емшек сүтi липазасының әсерi жойылады).
Бiр жастан асқан сәбилерде муковисцидоз целиакия синдромымен бiлініп, ағымы
үдемелi болып, әдетте, ауыр дистрофия мен гиповитаминоздарға әкеледі. Бауыр
өзгерiстерi, көп уақыт клиникалық өзгерістері байқалмағанмен, кеселдiң ауырлық
дәрежесі мен ұзақтығына байланысты білінеді.
Өкпенің рентгендік суреті әрқилы болып келеді. Сыртқы тыныс қабылеті
науқастардың көбінде обструктивті және рестриктивті бұзылыстардың қабаттасуымен
анықталады.
Рентгендік сипаты: өкпенің интерстициальдық тінінің бұзылысы синдромы – дәнекер
тіндердің өсінен өкпе суретінің күшеюі, ұялылығы; перибронхиальдық және
периваскулярлық өзгерістер, өкпе түбірі көлеңкесінің кеңюі;
466



бронх өткізгіштігінің бұзылысы синдромы – өкпе тіні мөлдірлігінің артуы, көкеттің
төмен тұруы, кеуденің алды-артқы мөлшерінің кеңеюі, бөліктік және сегментарлық
ателектаздар байқалады.

альвеолалардың толуы синдромы – өкпе суретінің үлкен «бал арасы ұясы» тәрізді
деформациясы, қабырғасы жұқа қуыстар байқалады. 
Эндоскопия:
бронхоскопияда катаральды немесе iрiңдi-катаральды немесе іріңді
эндобронхит анықталады.
Бронх шайындысының цитоморфологиясы:
нейтрофильдер басым болып келеді.
Анықталатын флора ішінде алтынды стафилакокк, гемофильдiк немесе көкiрiң таяқшасы
себіліп анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет