Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет513/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Сыртқы ем:

қабыну ошақтарын азайтуға немесе жоюға;

тері қышымасы мен құрғақтығын төмендетуге;

тері қызметі мен құрылымын қайта қалпына келтіруге;

терінің зақымдалған аймақтарында екіншілік инфекцияның алдын алу мен жоюға
бағытталады.
Өршіту факторларының әсерін азайту керек. Қасыған кезде зақымдалуды азайту үшін
бала тырнақтары қысқа болып алынуы тиіс. Нейтральды сабынмен салқын суда жуған
соң, жұмсартатын кремдер мен майлар қолдану керек. 
Сыртқы қабынуға қарсы дәрілерге жергілікті әсерлі глюкокортикоидтар мен
стероидты емес қабынуға қарсы препарат пимекролимус (элидел) қолданылады.
Жергілікті глюкокортикостероидтік (ГКС) дәрілер аллергиялық қабынудың негізгі 3
компонентін тежейді: медиаторлардың босауын, зақымдалған аймаққа жасушалар
миграциясын және пролиферациясын. 
Бірақ олардың кері әсерлері де бар: үйренушілік феномені, ұзақ қолданғанда жүйелі
әсері болуы, тері атрофиясы. Қазіргі күнде ГКС дәрілердің соңғы ұрпақтарын қолданған
тиімді: метилпреднизолон ацепонат (адвантан) және мометазон фуроат (элоком). Қолдану
ұзақтығы 3-4 аптадан аспауы керек. 
Пимекролимус (элидел
)
 
– сыртқа қолданатын 1%-дық крем, макролактам аскоми-
циннің өнімі болып табылады. Препарат қабыну медиаторларының бөлініп шығуын және
өндірілуін селективті тежейді, тері атрофиясын туғызбайды, жүйелік әсері жоқ. 
Екіншілк инфекция қосылған
 
жағдайда сыртқы антибактериальды препараттарды
тағайындайды (бактробан, эритромицинмен, линкомицинмен 3-5% паста). Терінің
зақымдалған жерлеріне алдын-ала фукорцинмен, бриллиант жасыл ерітіндісімен, метилен
көгімен өңдейді. Саңырауқұлақты инфекция кезінде сыртқа саңырауқұлаққа қарсы
дәрілерді қолданады (травоген, низорол кремдері және т.б).
Болжамы:
 
толық клиникалық сауығу 17-30% науқастарда болады. Қолайсыз
болжамдары:

1-3 ай жасында тұрақты тері бөртпелерінің басталуы;
497



АД-тің бронх демікпесімен бірігуі;

АД-тің персистирлеуші инфекциямен бірігуі;

АД-тің вульгарлы ихтиозбен бірігуі;

Тиімсіз ем қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет