Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары



Pdf көрінісі
бет59/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

183-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары
1. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан
Республикасының еңбек 
заңнамасымен
 реттеледі. 
2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу
Қазақстан Республикасының еңбек  
заңнамасында
белгіленген тәртіппен жүзеге
асырылады.
3. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, оның ішінде білім беру мен ғылыми
ұйымдар басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындауды және
қызметтен босатуды уәкілетті орган жүзеге асырады. 
184-бап. Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика
қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі
1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі (бұдан әрі –
Ар-намыс кодексі) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің азаматтар мен тұтастай
қоғам алдындағы өз қызметі үшін моральдық жауапкершілігін айқындайды.
2. Медицина және фармацевтика қызметкерлері өз қызметінде: 
1) осы Кодексті және Ар-намыс кодексін басшылыққа алуға;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге;
3) тек қана пациенттің мүдделерінде шешім қабылдауға;
4) Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерінің жоғары
атағына кір келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
5) өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға;
6) өзінің кәсіптік білімін үздіксіз жетілдіруге;
7) өзінің жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудің әдістері мен
құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге;
8) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға;
9) денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға және оны тиімді
пайдалануға;
10) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
11) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және жеке басының өзге де мақсаттарында
пайдалануға жол бермеуге;
12) жеке басының үлгісімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-
психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;


13) басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлері тарапынан Ар-намыс
кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;
14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын сақтауға
тиіс.
3. Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері: 1)
жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға
қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
2) мұқтаж болған әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;
3) адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;
4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға
жәрдемдесуге;
5) пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол
бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-
жігер жұмсауға;
6) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге,
сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзінің кәсіптік қызметіндегі
кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға тиіс.
4. Өз әріптестерімен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен
биязылық танытуға;
2) пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және
әріптестерінен кеңес сұрауға;
3) басқа медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіптік біліктілігіне көпшілік
алдында күмән келтірмеуге;
4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс.
5. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауы
олардың кәсіптік борышы болып табылады.
6. Денсаулық сақтау ұйымының ұжымы оның басшысының шешімі бойынша
медицина және фармацевтика қызметкерінің Ар-намыс кодексінің ережелерін сақтамау
фактісін қарап, қараудың нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады.
7. Денсаулық сақтау ұйымының басшылары Ар-намыс кодексі мәтінінің көрнекі үгіт
орындарында орналастырылуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет