Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет625/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   621   622   623   624   625   626   627   628   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Анықтау.
 
ДМ анықтау критериялары:
1. өзіне ғана тән дерматомиозитті бөртпе (негізгі критериясы);
2. симметриялы шеткі бұлшықет әлсіздігі;
3. қан сарысуында бұлшық ферменттерінің активтілігінің артуы;
4. электромиограммадағы өзгерістер;
5. бұлшық ет биоптаттарында анықталатын тән өзгерістер (биопсия, тек 1, 2 немесе
3 белгілер анықталмағанда жасалады).
Диагноз қою үшін негізгі критериясы басқа 3-критерияның кезкелгенімен
қосарлануы қажет. ДМ вирусты миозит, склеродермия, миастениямен ажырату керек. 
Емі.
 
Аурудың жедел кезіңінде тыныс
 
бұлшықеттерін және таңдай бұлшықеттерін
бақылау керек. Қабыну процессін 2мг\кг есебінен преднизолонмен басуға болады.
Креатнфосфокиназа, лактатдегидрогеназа, трансаминазалар немесе альдалазалар
активтілігін анықтау қабыну процессінің активтілігін және емнің тиімділігін анықтауға
мүмкіндік береді. Олар қалыптасса біртіндеп ГК (преднизалонның) дозасын қолдаушы
дозаға дейін төмендетуе болады. 
Иммунодепрессивті ем қолдану көрсеткіштері:
1) жедел ДМ-да ГК-ден 2-4 апта бойына тиімділіктің болмауы;
2) олардың қолдаушы дозасы 0,5 мг\кг (стероиджинақтаушы әсері);
3) қосалқы аурулардың болуы.
Жиі метатрексат қолданылады, екінші орынға азатиопринді қоюға болады. Бұл дертті
емдеудің жаңа болашағы бар бағыт, тікелей иммунопатологиялық процесске әсер ететін
циклоспорин (күніне 5 мг\кг-нан бастап, біртіндеп қолдаушы дозаға (2-2,5 мг\кг есебінен)
ауысып, ұзақ уақыт қолданады) тағайындау болып келеді. Контрактуралар болмау үшін
ЕДШ, массаж, физиоем қолданылады, кейде шина салуғада тура келеді.
Ағымы мен ақыры.
 
Ағымы толқын тәріздес, үдемелі, айтарлықтай өзгерімпаз болып
келеді. Емделмеген балаларда 2 жыл бойына өлім көрсеткіші 40% құрайды. Сәйкес ем
алған балаларда ақыры жағымды болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   621   622   623   624   625   626   627   628   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет