Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет622/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   618   619   620   621   622   623   624   625   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникалық көрінісі

Ауру жедел немесе аяқастынан басталады. Аурудың басталуы
әлсіздікпен, арықтаумен, трофиканың бұзылуымен, қызбамен сипатталады. ЖҚЖ-ның
негізгі үш синдромын бөледі: терілік, буындық және висцеральдық. Осыған сәйкес клас-
сикалық диагностикалық үштігі – дерматит, артрит, полисерозит тұрады деп, есептеледі. 
Қызыл жегінің терілік түрі балаларда айтарлықтай сирек кездеседі. ЖҚЖ 50%
балаларда басында терілік синдроммен білінсе, 45%-да терілік синдром дамуының әртүрлі
сатыларында қосылады, тек 5%-да болмайды.
Жиі кездесетін ерте байқалатын белгілеріне қызба, артрит (артралгия), дімкестік
және бөртпелер жатады. Беттегі «көбелек» тәріздес бөртпе; алақандардағы эритроматоз-ды
макула; фотосенсибилизацияға байланысты терінің барлық бетіне шығып кететін
бөртпелер; ауыз және мұрын қуыстарында байқалатын макулезді және жаралық
элементтер клиникалық белгілерінің негізі болып келеді. Науқастар жиі буындардағы
ауырсынуға, қозғалудың қиын-дауына шағымданады, бірақ объективті өзгерістер
болмайды, тұрақты артрит сирек кездеседі. ЖҚЖ-ға плевритпен, перикардитпен,
перитонитпен білінетін полисерозит тән болып келеді. Науқас балалардың көбінде бүйрек
ауруының клиникалық белгілері – люпус-нефрит (жедел үдемелі; нефротикалық, айқын
зәр немесе минимальды зәрлік синдромдармен) байқалады. Жиі гепатоспленомегалия
және жайылған (генерализацияланған) лимфоаденопатия анықта-лады. ОНЖ-ның
нейрондарға антидене пайда болуына және васкулиттерге байланысты зақымдалуы шеткі
невриттердің, науқастың тұлғалық өзгерістерінің, құрысудың, ми қанайналымының
бұзылыстарының себебі болып, ең жағымсыз болжамдық белгілер болып келеді. Көз
ауруларынан эписклерит, ирит, көздің ішкі тор қабығының өзгерістері кездеседі. 
607


Диагностикасы.
 
Барлық науқастарда ЖҚЖ-ге патогноматикалық болып келетін
антинуклеарлы антидене анықталады. Диагностикалық тұрғыдан, 50-80% науқастарда
анықталатын, LE-жасушалар маңызды болып келеді. Зәрде эритроциттер, лейкоциттер,
белок және цилиндрлер анықталуы мүмкін. Ауру кезкелген ревматикалық процесс және
басқа жағдайлар (бактериальды эндокардит, антифосфолипидті синдром, Лайм-
боррелиоздегі артрит) түрінде дамуы мүмкін.
ЖҚЖ диагнозын қою үшін, науқасты бақылау барысында бірден немесе бірінен соң
бірі пайда болатын, 11 критериялардың 4-уі болуы керек 
(106 кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   618   619   620   621   622   623   624   625   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет