10.1.6. СТОМАТИТТЕР
Стоматиттер
–
ауыз-қуысы кілегей қабатының қабынуы
.
Этиологиясы.
Негізгі себептері: Candida туыстас саңырауқұлақтар, бактериялар.
Стоматиттер дәрілік заттар әсерінен және әр түрлі аурулар фонында пайда болуы мүмкін.
Клиникалық көрінісі.
Кілегей қабаттарының зақымдалу дәрежесіне байланысты
катаральды, жаралы, афтозды (герпестік) және саңырауқұлақты (кандидозды) стоматиттер
болып бөлінеді.
Катаральды стоматит көріністері ауыз қуысы кілегей қабаттарының гиперемиясы
және ісінуі, сілекей ағуы.
Жаралы стоматит көріністері ауыз-қуысы кілегей қабатының гиперемиясы және
сілекей ағуы. Кілегей қабатта жаралар пайда болады. Ауыр жағдайда жаралар асқынып,
тканьдар ыдырауы дамиды. Тамақ жегенде ауырсыну болады. Жалпы жағдайы нашарлап,
дене қызуы көтерілуі, интоксикация симптомдары пайда болады перифериялық лимфа
түйіндері үлкейеді.
Герпестік (афтозды) стоматит герпестік инфекцияның бір симптомы болып табыла-
ды. Ауыз қуысы кілегей қабатының гиперемиясы және сілекей ағуы. Жалпы жағдайы
жаралы колиттегідей. Содан кейін кілегей қабатта дақ, көпіршік (везикула), афта пайда
болады. Афталар сары-ақ түсті, көбеюге және қосылуға бейім болып келеді. Ауру
ұзақтығы 7-10 күн.
Саңырауқұлақты стоматит (молочница). Бұл емшек жасындағы балаларда жиі
кездеседі. Молочница басқа стоматит түрлері сияқты пайда болады. Кілегей қабатының
гиперемиясы және ісінуі, сілекей ағуы. Еріннің кілегей қабығында, тілде, жақта ұйыған
сүт тәрізді ақ дақ пайда болады. Балалар емшектен бас тартып, мазасызданады.
Емі.
Рациональды тамақтану және көп витаминді сұйық ішу. Тағамдар механикалық,
химиялық, термикалық аяушылық болу керек. Оны сұйық немесе жартылай сұйықты
жылы күйінде беру керек. Тағам рационынан ащы, өткір, тұздалған тамақтар шектеледі.
Стоматит формаларына байланысты жалпы және жергілікті ем тағайындалады.
Катаральды стоматитте жергілікті ем жүргізіледі, ауыз қуысын антисептикалық
(фурациллин ертіндісі 1:5000, қайың қабығының қайнатпасы, түймедақ, календула
тұнбасы) заттармен өңдеу жасалады.
Жаралы стоматитте, тек қана жергілікті ем жүргізіледі, этиотропты терапияда
антибактериальды дәрілік заттарды (ауырлық дәрежесіне байланысты) жергілікті, ішке
немесе парентеральды тағайындайды. Ауырсыну кезінде тамақ ішердің алдында ауыз
қуысын анестезин, новокаин немесе алоэ қосылған белокпен өңдеу керек.
Герпесті стоматиттің емінде вирусқа қарсы препараттарды (ацикловир, оксолин
майы, завиракс, интерферон) жергілікті немесе ішке тағайындайды.
Этиологиясына байланысты, ауызы уылғанда саңырауқұлаққа қарсы препараттарды
(нистатин, леворин) тағайындайды. Жергілікті емінде 2% ас содасы ертіндісін, метилен
көгін, тетраборат натрийді кеңінен қолданады.
Стоматиттің барлық түрінде аурудың 5 күнінен бастап, ауыз қуысы кілегей
қабатының эпителизациясын жеделдету үшін ретинол ацетат, итмұрын, облепиха майлары,
каланхоэ, каротолин шырындарын қолданады.
Ауыз қуысын өңдеу үшін келесі ережелерді сақтау керек: Ылғалдау әдісімен ауыз
қуысын өңдеу. Өңдеу тәулігіне 5-6 рет жүргізіледі. Ертіндінің температурасы 37-36ºС
болу керек.
Ауыз қуысын өңдеуге арналған ерітінді концентрациясы пайда болу кезеңіне
қарағанда жедел кезеңінде төмен болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: