Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет642/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   638   639   640   641   642   643   644   645   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

 
Диагностикасы.
 
Негізгі маңыз, жараның орналасқан жерін, аурудың сатысын және
сөліністік-моторикалық бұзылыстардың сипатын анықтауға мүмкіндік беретін
эндоскопиялық (немесе рентгенологиялық зерттеуге) беріледі.
Эндоскопиялық тұрғыдан бөледі:
- жаңа жараның сатысын;

 
эпителизацияның басталу сатысын;
-

жараның тыртықтану сатысын;


- жаралық мүкістіктің толық жазылуын. 
ОЖА ағымының ауырлық дәрежесі жараның жазылу мерзімімен, асқынудың бар-
жоқтығымен, ремиссияның ұзақтымен және қайталау жиілігімен анықталады.
Ағымының ауырлық дәрежесінің критериялары:
1. жеңіл -жараның 1 ай мерзімге дейін жазылуы, ремиссия 1 айдан артық;
2. орташа дәрежелі – жараның жазылуы 1айдан артық, ремиссия 1 жылдан қысқа;
3. ауыр дәрежелі-асқынулары бар, рецидивтері жиі (жылына 2 қайталаудан артық),
қосарланған және көптеген жаралар болады, жаралардың жазылуы өте ұзақ. 
622


Асқазан сөлінісінің жаугершілік қасиетін бағалау үшін рН-метрияны, асқазан
интрагастральды протеолитикалық активтілігін зерттеу пайдалынылады. Асқазанның
моторикалық функциясын бағалау үшін УДЗ, электрогастрографиялық немесе ренгеноло-
гиялық зерттеулер қолданылады. Хеликобактериозды анықтаудыңда маңызыда үлкен. 
Ажырату диагнозын
симптомдық (жедел) жаралармен жүргізеді.
Асқорыту жолының кілегей қабатында жедел жараның пайда болуының өзіне тән
клиникалық көріністері болмайды, айтарлықтай динамикалы болады, бір жағынан тез
тыртықтанады, екінші жағынан ауыр асқынулар-қан кету, перфорация байқалады. Пайда
болу себебіне байланысты, жаңа жараны бөледі:

күйзелістік жаралар
асқазан денесінде орналасады, күйікте, жарақаттан кейін,
үсіктерде байқалады:
• аллергиялық жаралар
жиірек тағамдық аллергияда пайда болады;
• дәрі-дәрмектік жаралар, кілегей қабатының кедергілік функциясын бұзатын, дәрілер
пайдаланғанда болады;
• эндокриндік жаралар балаларда сирек – гиперпаратиреозде, қант диабетінде, Золлин-
гер-Эллисон синдромында (асқазанның антральды бөлімінің немесе ұйқы безінің
гастринөндіруші жасушаларының гиперплазиясы) – кездеседі. Соңғы аурулардың
белгілері ОЖА-ның белгілеріне ұқсас болады. Айқын интрагастральды гиперсекреция,
асқазан кілегей қабатының гипертрофиясы, әдеттегі емге ригидтігі тән болып келеді.
Бұл жағдайда қан сарысуында ашқарынға гастрин концентрациясының артуы
скринингі тест болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   638   639   640   641   642   643   644   645   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет