Этиологиясы мен патогенезі
толық анықталмаған. ТІД пациенттердің эмоциялық
және психикалық жағдайына, олардың әлеуметтік белсінділігіне әсер ететін ауру ретінде
қарастырылады. Бұл патологияға тұқым қуалауға бейімділік, висцеральды жоғары
сезімталдық туралы мәліметтер бар. ТІД дамуында күйзелістік жағдайдың, бұдан бұрын
ауырған жедел ішек инфекциялардың және паразитарлық инвазиялардың, олардан кейін
пайда болған дисбактериоздардың, сонымен қатар тиімсіз тамақтанудың маңызы бар.
ТІД клиникалық көрінісі
алуан түрлі:
• кіндік маңы аймағында және гипогастрияда орналасатын, ұйықтаған кезде жойылып
кететін, іштің ауруы; нәжістің сиреуі (аптасына 3 реттен аз) немесе жилеуі (тәулігіне 3
реттен жиі); дефекация кезінде қиналу; дефекацияға императивті сұраныс; ішектің
толық босамау сезімі; дефекация кезінде кілегейдің бөлінуі; метеоризм; іштің
құрылдауы;
• вегетативті нерв жүйесінің бұзылуы: шаршағыштық, әлсіздік, басының ауруы, кеуде
қуысының ауруы, анороксия, ұйқысыздық, жүректің соғуы, басының айналуы,
тершеңдік, кіші дәретке жиі отыру және басқалар;
• психикалық бұзылыстар: импульсивті мінез, үрейлілік, шүбаланғыш, кейігіштік,
фобиялық бұзылыстар және басқалар.
Алғашқыда міндетті түрде, жаралы колитпен, Крон ауруымен, паразитоздармен,
полипоздармен, туберкулезбен және басқа ішек ауруларымен
Достарыңызбен бөлісу: