- Белінің немесе ішінің ауыруы, дизурия;
- Айқын ісік;
- Артериальдық гипертензия: бас ауру, бас айналу, тітіркенушілік пен енжарлық, көз кө-
рудің нашарлауы, кейде бет нервінің салдануы, құсық, гиперрефлексия, атаксия және
ошақты немесе жайылған құрысулар. Қан қысымы жасқа байланысты жоғарлайды.
- Көз түбін қарағанда гипертензиялық ангиоретинопатия белгісі байқалады.
Тән:
- Зәрдің өзгерісі (гематурия, біршама протеинурия);
- Гипопротеинемия, гиперлипидемия;
- Бүйрек биопсиясында-пролифоративті-фибропластикалық гломерулонефрит.
Диагноз. СГН-те диагноз клиникалық-лабораториялық тексерулер арқылы қойылады.
Науқас нефротикалық түрінде қосымша В вирусты гепатит маркерларына,
цитомегаловирусқа тексеріледі. Нефропатияның
торпитті ағымында мамандандырылған
нефрологиялық орталықта бүйректік дизэмбриогенезге күмәнданғанда бүйрек биопсиясы
жүргізіледі, оның нәтижесі бүйрек зақымдалудың морфологиялық түрін нақтылауға және
глюкокортикоидтарды, иммунодепресанттарды тағайындауды таңдауға және аурудың
ақырын болжауға көмектеседі.
Ажырату диагнозы: СГН-те ажырату диагнозыи көп жағдайда ЖГН-тегідей
жүргізіледі.
СГН-тің гематуриялық түрінде IqA нефропатия (Берже ауруы). Бұл аурудың даму
негізінде:
- Вирусты инфекциядан соң толқын тәрізді гематурияның өршуі, бір жыл ішінде
байқалады.
- Бүйрек биоптатында, зәрде, сілекейде, қанда IqA деңгейінің жоғарлауы.
- Гипертензия және басқада экстроренальды белгілердің болмауы.
Көптеген балаларда 5 жылдың ішінде өздігінен жазылып кетеді, бірақ 20% науқас
балаларда есейгенге дейін сақталып, СБЖ-не әкелу мүмкін.
675